Қазақ ұлтынан емес: Тәуекел Мүсілім қазіргі сүйіктісі жайлы айтты

Тәуекел Мүсілім Айтұрған есімді сүйіктісі бар екенін мойындады. Сөзіне қарағанда, жүрегін жаулаған ару таза қазақ ұлтынан емес. Бұл туралы Мүсілім Нұрсұлтан Есжанға берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Қазақ ұлтынан емес: Тәуекел Мүсілім қазіргі сүйіктісі жайлы айтты

"Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады. Оның ұлтына қарайтын болсақ, дұрыс емес деп ойлаймын. Ол қыз маған ұнайды. Сондықтан кездесіп жүрміз", - дейді Тәуекел.

Сөзіне қарағанда, қазіргі сүйіктісімен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Жүрегін жаулаған ару - тарихи қала Тараздан екен. Бүгінде Алматыда жұмыс істейді.

"Өзім жаздым, артынан сөйлесіп, араласып кеттік. Өте жан-жақты қыз. Көзқарасым, әңгімеміз жарасып кетті", - дейді Тәуекел.

Тәуекел бір қызбен кездесіп жүрген уақытта, өзге аруларға көз салмайтынын атап өтті. "Ол маған жақпайтын нәрсе", - деп ағынан жарылды сері. 

"Достарым сенің түріңді маған берсе, 5-6 қызбен жүретін едім, бәрінің қызығын көретін едік, деп айтады. Дегенмен тәрбие, мінез сондай. Не істейміз? Одан асып түсе алмаймыз", - дейді Тәуекел.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр