Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ эстрада әншілері той мен сахнаны шатастырған әріптестерін сынады

Елімізге танымал жұлдыздар өз әріптестерінің той әні мен сахна әнін шатастырғанын айтып сынады. Тіпті жұртты таң қалдырамыз деп саны көп, сапасы жоқ әндер жазғанын тілге тиек етті. Десе де, әншілер арасында көп әннің артық болмайтынын құп көргендер де бар.

новый коллаж

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Күні кеше егіз атқамінерлерінің тұсаукесерін дүркіретіп өткізген Тоқтар Серіков сапасыз ән жазған әріптестерін сынады. Бір әріптестері қолдаса, енді екіншілері қарсы пікір білдірді.

“Қазіргі қазақтың мен деген азамат әншілері той мен сахнаны шатастырып алды. Оған менің Роза Рымбаева апамның басы ауырып, біраз әңгіме айтқан болатын. Мақпал апамыз да бас қатырды. Бибігүл апамыз да осы тақырып төңірегінде біраз әңгіме қозғады. “Не дүние, мынау не бәле, сахнаны сайықмазақ қылдыңдар” сынды түрлі пікір айтылды. Мен олардың әр сөзіне қосыламын. Киелі сахна мен көптің қуанышын арқалаған тойды шатастыруға болмайды”, – деп Тоқтар Серіков әншілерге репертуарды арзанқол әндермен ластамауға кеңес берді.

Әріптесінің бұл пікірін Меруерт Түсіпбаева да қолдайды. Ол да қазіргі таңда саны көп, сапасы жоқ әндердің көбейіп кеткенін айтып жатыр.

“Баяғыда танымал жұлдыздар жылына 1-2 ән ғана жаздыратын. Қазіргі таңда Шәмшінің, Төлеген Мұхамеджановтың немесе Кеңес Дүйсекеевтің әніндей құлақтың құрышын қандыратын туындылар азайып кеткен. Олар барлығын шетелден, қырғыздардан, өзбектерден алады”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Әріптестері көрші елден ән ұрласа, Қайрат Түнтеков өзінің кезекті туындысын шетелдіктерге арнамақ.

“Жарыққа шығатын альбомымның біреуі қазақ тілінде, екіншісі ағылшын тілінде болмақ. Бір альбомдағы әндер екіншісінде қайталанбайды. Ағылшынша альбомым тек Қазақстанға арналмаған. Әрине, мұны қазақтар түсінбейді демеймін. Олар да жақсы түсінеді. Бар болғаны шетелге де таратылса деген ой бар”, – дейді Қайрат Түнтеков.

Танымал әнші Тамара Асар көп ән жазбаса да, оның әрқайсысын ерекше ықыласпен таңдайтынын айтады. Ал Жеңіс Ысқақова кей сазгердің сапасыз ән ұсынатынын тілге тиек етті. Мұнымен қатар, жұрттың көңіліне қараймын деп, кез келген әнді орындай салмайтынын айтты.

Бірнеше топқа жетекшілік етіп жүрген Ерғали Әбдрәйімов әріптестерімен қосылмайды. Ол бір жылда көп ән жазуды заманның өзі талап ететінін айтады.

“Әнді жиі-жиі жазып тұрған дұрыс деп ойлаймын. Неге десеңіз, кейбір ән әншінің өзінің көңілінен шықпауы мүмкін. Адам баласы күнделікті ізденісте болады. Ән деген бір мезетте жазып қоя салатын дүние емес қой. Кейбіреулері жылына 2-3 ән ғана жазатынын естимін. Өзім мұндайды құптамаймын”, – дейді продюсер.

Елімізге танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы сапасына назар аудармастан, көп ән жазатындарын жасырмайды. Десе де, соңғы кезде сыншылардың көбейгенін ескеріп, бұл әрекеттерінен арылуға тырысқан.

“Қазір бұрынғыдай емес. Сынға қалмасақ деген оймен өзімізді тиямыз. Бірақ қарап отырсақ тисе терекке, тимесе бұтаққа деп жаза бергеніміз де дұрыс сияқты. Қазір мұндайға аяқ тартып тұрамыз”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Қазақстан эстрада жұлдыздарының пікірлері дәл осылай қаққа айырылған. Десе де, олардың кейбірінің мұндай сыни пікірінен өзге әншілердің хабардар екені белгісіз. Көпшілік мұндай әрекетке отбасының қамын ойлап барып жүргендіктерін айтқан.


Оқи отырыңыз:

Gakku арнасы қазақ эстрадасының ең үздік әншілеріне естелік сыйлықтарын табыстады

Басы дауға қалған қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары

Қазақ эстрадасының жұлдыздары бет терісіне қалай күтім жасайды (фото)

Қазақ эстрадасындағы ерте шаңырақ көтерген жұлдыздар

Талқылау