Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ ұлттық күресі Азия ойындарының бағдарламасына енді

Қазақ ұлттық күресі алғаш рет Ашхабадта өтетін Азия ойындары-2017 бағдарламасына енді.

1425110

Фото: Еркен Салихов

Бұл туралы блогер Ғалым Байтук Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

“Достар, сүйінші! Ұлттық күресіміз – қазақша күрес биыл Ашхабадта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына енді! Ойындар бағдарламасында 22 кең таралған спорт түрімен қатар 70 кг, 90 кг және +90 кг салмақ дәрежелері бойынша қазақ күресі ұсынылады”, — деп жазды Байтук.

12 жыл ішінде қазақша күрес бойынша алты әлем чемпионаты, 11 Азия чемпионаты, үш Әлем кубогі, үш Еуропа чемпионаты, Африка чемпионаты өткізіліп, оған 50 ел қатысқан. 2015 жылы қазақ күрес United World Wrestling құрамына енді.

Оқи отырыңыз:

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақының көлемі белгілі болды

Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Талқылау