Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліне шорқақ Хромтау ауданының әкімі сөйлемді «деген» етістігімен аяқтайды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі Аязбай Османғалиев әр сөйлемін «деген» көмекші етістігімен аяқтап, тілшілердің назарына ілікті.

Безымянный

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Ол мектепте орысша білім алғанын, әскер қатарында, жұмыста қазақ тіліне деген қажеттілік болмағанын алға тартты. Әкім тіл үйрену үшін әдеби кітаптарды емес, газеттерді парақтайды екен. Бұл туралы баспасөз мәслихатында өзі айтып берді, деп хабарлайды  тілшісі.

«Біздер жиналысты қазақша өткіземіз»,- деген аудан әкімі Аязбай Османғалиев әп-сәтте ойын өзгертті.

«Қазақша, кейін орысша аудармау үшін бір тілде, орыс тілінде сөйлеймін. Тіл сындыру үшін газеттеріміз бар оқитын. Күнде оқып отырамын. Дегенмен Қазақстан, Ана тілі газеттерін аламын. Мен мектепке барғанда орысша оқыдым, әскерде 2 жыл орысша сөйледік, 5 жыл институтта орысша білім алдық. Ауылда жұмыс істегенде бәрі орысша болды. Тек 90-жылдардан бастап қазақ тілінде жұмыс істей бастадық. Бірінші оқыған газетім – Ана тілі»,- деді аудан әкімі А.Османғалиев.

«Хромтау ауданы әкімінің мінезі шатақ» деген оймен Османғалиев келіспейді. «Жоқ, олай емес. Өзіме-өзім баға бермей-ақ қояйын. Бірақ жұмыс кезінде артық кетіп қалатын жерім бар шығар»,- деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, Хромтау – моноқала қатарына кірген жалғыз шаһар. Мұнда 14 селолық округ, 35 елді мекен бар. Ауданда 42 мыңға жуық адам тұрады.

Талқылау