Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі ең әдемі сөз анықталды

Stan.kz сайты сауалнама жүргізіп, нәтижесінде қазақ тіліндегі ең әдемі сөз “Айналайын” екенін анықтады.

bD62O9Xf4shx3Xpnjh9PJHtFbHo19w
«Айналайын» үлкеннің кішіге деген ризашылығын, махаббатын білдіретін, басқа ешбір өзге тілде баламасы жоқ көркем сөз.

Ал қазақ тіліндегі ең әдемі сөздердің үштігіне ең қадірлі де қасиетті ұғымдар – «ана» мен «әке» енді.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандар «жаным» сөзінің қазақ тіліндегі алатын орны ерекше деген. Аталмыш сөз ең қымбатты деген жандарға айтылады. «Жаным» сөзі 4-ші орынды еншіледі.

Бесінші орында нәзік жандыларға қаратылып айтылатын – “аяулы” сөзі.  Айта кетейік, бірнеше жылдан бері Аяулым Қазақстандағы ең танымал есімдердің бірі болып келеді.

Құлаққа жағымды естілетін келесі сөз – құлыным. Құлын – жылқы төлі, ал қазақ халқы қашан да жылқы малын қадір тұтқан. Осыны ескерсек, «құлыным» сөзіне қатысушылардың неліктен таңдау жасағанын түсіну қиын емес.

Ең әдемі 10 сөз қатарын “рахмет”, “атамекен”, “сезім” және “арман” сөздері  толықтырды.

Ал қазақ тіліндегі ең жағымсыз естілетін сөз «құқық» екен. Алайда қатысушылардың көпшілігі ана тілде жағымсыз сөздің болуы мүмкін еместігін айтқан.

Жіберіп алмаңыз: 

АҚШ азаматтары қазақ тіліндегі ең ұзақ сөзді айтып жарысты (видео)

Ресейлік қыз қазақ тілінде еркін сөйлеп желі қолданушыларын таң қалдырды (видео)

Ұлыбритания елшісі Наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтады (видео)

Ғалымдар: балағат сөздер гендегі мутация үдерісін туғызады

 

 

Талқылау