Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тауларына қар барысы қайтып келді

Қызыл кітапқа енген жыртқыш Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам-Өгем табиғи бағында жүр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақ тауларына қар барысы қайтып келді

Жанына есейіп қалған  екі марғауын еріткен қар барысы қорық қызметкерлерінің құрған фототұзағына түсіп қалыпты. Ал бұл жануарлардың таудан жоғалғанына жарты ғасырдан асқан екен.

2014-ші жылдан бері қар барысы пайда болғанын білсе де, дәлелдей алмай келген мамандар енді төбесі көкке жеткендей қуанып отыр. Барыспен бірге 40 жылдан бері көрінбей кеткен Түркістан сілеусіні де келіпті. Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау үшін енді қорықта күзет күшейтіліп жатыр.

Қазақстанның Қызыл кітабы: қандай жануарлар Қызыл кітапқа енгізілген >>>

“Осы қар барысы мен Түркістан сілеусіні екеуі қызыл кітапқа енген. Бұлар мүлдем жойылып бара жатқан аңдардың бірі. Қазір бізде Түркістан сілеусінінен екеуі бар, екеу данасы бар. Одан кейін қар барысы бізде Ұлттық парк бойынша үшеуі бар”, – дейді Сайрам-Өгем Ұлттық табиғи бағының бас маманы Елжан Аманов.

 

Талқылау