Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ шоу бизнесіндегі сөзі жараспаған құрбылар

Халық арасында шоу бизнесте достық болмайды деген пікір қалыптасқан. Әсіресе қыздар арасында. Бүгінде араларынан қыл өтпестей дос болып, артынша сөздері жараспаған жұлдыздар қатары көбейген. Солардың бірі – Әсел Сәдуақасова мен Рано Омарова. Екеуі бір топтың құрамында жүріп ән салған болатын.

новый коллаж

Бұл туралы “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

Әрдайым бірге жүретін Әсел Сәдуақасова мен Рано Омарова соңғы кезде сырласпайтын болыпты. Бұл уақытқа дейін құрбылар әлеуметтік желіге бірге түскен суреттерін жиі жүктеп, қызықты видеолар түсіретін. Жақсы қарым-қатынастарының үзілуіне Раноның отбасылы болуы, ал Әселдің жұмысбасты бойжеткенге айналуы себепші болса керек.

Мөлдір Әуелбекова да өзінің жан құрбылары Динара Сұлтан мен Меруерт Мүсірәлімен сирек көрісетін болған. Халық бұл үштіктің студенттік кезден бері дос болғанын жақсы біледі.

“Меруерт екеуіміздің көшеде ақшасыз қалған күндеріміз болған. Туыстарымыз көп болса да, ешкімнен көмек сұрамай, ата-анамызға жағдайымыздың тек жақсы екенін айтатынбыз. Көшеде тиын жинап, бауырсақ сатып алған кездеріміз де болды”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Ал Толқын Забирова керісінше үнемі Жәмиля Серкебаевамен сырласып, кеңестеріне құлақ асып отыратынын айтады. Алдына барып жылаған сәттері де болған екен.

Қыздар арасындағы достықтың болатынына Қарақат Әбілдина мен Мәдина Сәдуақасова да сенеді. Бұл туралы бір кездері ән де шырқаған болатын.

“Мен оны жақсы көріп, қатты сыйлаймын. Маған Мәдинамен әңгімелесіп, әр нәрсені талқылаған ұнайды. Құпиямызбен бөлісеміз. Оның үстіне жақында босанып, ана атанды. Осылайша бізді байланыстыратын дүниелердің қатары көбейіп, мен өз кезегімде пайдалы кеңестер айтып отырамын”, – дейді Қарақат Әбілдина.

Әншінің бұл сөзін жолдасы Қыдырәлі Болманов та қоштап отыр. Жұлдыздардың шынайы достығына бірі қызыға қараса, енді бірі ғұмырының ұзаққа бармайтынын айтады.


Оқи отырыңыз:

Қазақ эстрадасындағы ерте шаңырақ көтерген жұлдыздар

Қазақ эстрадасындағы сүйіктілерін жасыратын жұлдыздар

Қазақ эстрадасының жұлдыздары бет терісіне қалай күтім жасайды (фото)

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Талқылау