Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ мұғалім орыс тілін білмегені үшін сөз естіп, өз жерінде қор болғанын айтып ашынды (видео)

Шымкент қаласындағы мектеп мұғалімінің бірі қалада сайлау күні №935 сайлау учаскесінде қазақ тілін кемсіту секілді заңсыздық орын алғанын айтып ашынды.

ыыыы

 

Оның айтуынша, дауыс беруге келген азаматша орыс тілін білмеген қазақ мұғалімдерге тіл тигізіп, намысына тиген.

Азаматша орысша сөйлей алмаған мұғалімдерге айғайлап, Нұрсұлтан Назарбаевтың орысқа орысша жауап қайтару керек дегінін айтып өткен.

«Дауыс беруге келіп жатқанда келеңсіз оқиғаға тап болдым. Анығын айтқанда, орыс ұлтының азаматы біздің мұғалімдерге «сендер орысша білмейсіңдер, орысша сөйлей алмайсыңдар. Жұмыстарыңды босатыңдар. Неге отырсыңдар, Назарбаев сендерге не айтты?» деген сияқты өктем-өктем сөздер айтып, біздің намысымызды жерге кіргізердей болды”, -дейді ашынған мұғалім.

«Сен кімсің, сені жұмыстан шығару керек. Сен орысша сөйлей алмайсың да, білмейсің де» деген сияқты әңгімелер айтты. Сайлауға келіп, осындай намысым тапталғанынан мен қорланып бара жатырмын… Бұл қалай енді? Мен оған ешқандай артық сөз айтпасам, білгенімізше айтып жатырмыз. Енді біз қазақ мектебінде қазақ ұлтын тәрбиелеп отырып, мен не үшін анаған да, мынаған да орысша сөйлеуім керек?», – дейді мұғалім көз жасына ерік беріп.

«Ел ел бола алмай жатқан кезде, қазақ қазақ бола алмай жатқан кезде мен не үшін тілімді бұрмалап орысша айтуым керек?! Оның пікірінше, мына жерде отырған мұғалімдердің бәрі мұғалімдікке лайық емес екенбіз, өйткені орысша білмейміз. Сонда біздің өз ұлтымыздың балаларын қазақша тәрбиелеуге құқымыз жоқ па? Қатты намысыма тиді. Біз енді бұл мәселені айтып кімге шағымдана аламыз? Ел ағалары бар, “Нұр Отан” бар, бұл мәселені шешуі керек. Егер осылай әркімнен теперіш көре берсек онда қазақ тілінің өлгені бұл», -дейді ол.

Талқылау