Қазақ мұғалім орыс тілін білмегені үшін сөз естіп, өз жерінде қор болғанын айтып ашынды (видео)

Жұма, 25 Наурыз , 2016 8:22

Шымкент қаласындағы мектеп мұғалімінің бірі қалада сайлау күні №935 сайлау учаскесінде қазақ тілін кемсіту секілді заңсыздық орын алғанын айтып ашынды.

ыыыы

 

Оның айтуынша, дауыс беруге келген азаматша орыс тілін білмеген қазақ мұғалімдерге тіл тигізіп, намысына тиген.

Азаматша орысша сөйлей алмаған мұғалімдерге айғайлап, Нұрсұлтан Назарбаевтың орысқа орысша жауап қайтару керек дегінін айтып өткен.

«Дауыс беруге келіп жатқанда келеңсіз оқиғаға тап болдым. Анығын айтқанда, орыс ұлтының азаматы біздің мұғалімдерге «сендер орысша білмейсіңдер, орысша сөйлей алмайсыңдар. Жұмыстарыңды босатыңдар. Неге отырсыңдар, Назарбаев сендерге не айтты?» деген сияқты өктем-өктем сөздер айтып, біздің намысымызды жерге кіргізердей болды”, -дейді ашынған мұғалім.

«Сен кімсің, сені жұмыстан шығару керек. Сен орысша сөйлей алмайсың да, білмейсің де» деген сияқты әңгімелер айтты. Сайлауға келіп, осындай намысым тапталғанынан мен қорланып бара жатырмын… Бұл қалай енді? Мен оған ешқандай артық сөз айтпасам, білгенімізше айтып жатырмыз. Енді біз қазақ мектебінде қазақ ұлтын тәрбиелеп отырып, мен не үшін анаған да, мынаған да орысша сөйлеуім керек?», – дейді мұғалім көз жасына ерік беріп.

«Ел ел бола алмай жатқан кезде, қазақ қазақ бола алмай жатқан кезде мен не үшін тілімді бұрмалап орысша айтуым керек?! Оның пікірінше, мына жерде отырған мұғалімдердің бәрі мұғалімдікке лайық емес екенбіз, өйткені орысша білмейміз. Сонда біздің өз ұлтымыздың балаларын қазақша тәрбиелеуге құқымыз жоқ па? Қатты намысыма тиді. Біз енді бұл мәселені айтып кімге шағымдана аламыз? Ел ағалары бар, “Нұр Отан” бар, бұл мәселені шешуі керек. Егер осылай әркімнен теперіш көре берсек онда қазақ тілінің өлгені бұл», -дейді ол.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

40
Комментариев
  • Неравнодушная says:

    Ужас!!! Как можно так неграмотно истолковывать слова Президента народу? Безграмотные!!! Керисинше Сол Азаматша казакша жауап беру тиис. Егер ози билмесе- билетин адамды шакыру керек.

    • Ххх says:

      Президенттин былыгы осындай жагыдайдын туындауы.. Картайып алжиын деседе орнынан кетер емес.

  • Жұмбақ жан says:

    Апам менің жыламаңыз Сіздің жылағаныңызды көріп менді жылап жібердім басшыларға жеткіземіз буйыртса.

    • Анонимно says:

      Орыстар казакша уйрену керек Казакстанда турып осы елдин нанын жеп жатыр бурын орысша билмесен жумыска алмайды дейтин енд казакша билмесен жумыска алмау керек билсин уйренсин казакшаны

  • Жұмбақ жан says:

    Сіздің қайғыңызды түсінем. Сіздің көз жасыңызды көріп өзімізге деген құрметтің жоғалғандығы ма деп ойладым. Қазақ азаматтары орысша сөйлеуге міндетті емес. Ол тілге құрметпен қарауы тиіс. Өз тілімен қатар сыйлауы азаматтық қадір қасиеттілігін көрсетеді. Елбасы орысша білмеген қазақтарды қорла деген жоқ. Қазақша білмеген өзге ұлт өкілдеріне түсінікті болуы үшін ресми тілде жауап беру керектігін ескертті. Қазақ анасын былай қорласын деген жоқ. Ол өзінің санасыздығын көрсетсе оған ашынудың қажеті жоқ. Орысша білмедің деп жұмыстан шығаруға Сізді қорлауға Ата Заңымыз құқық бермеді. Біз өз ана тіліміз қазақ тілінде сөйлей береміз. Өзге тілдерге де соншалық құрметпен қараймыз. Себебі біздер текті ұрпақтық баласымыз. Осыны ұмытпайық ағайын.

  • Казак Кызы says:

    Мынау деген сумдык кой!!! Оз жерiмiзде оз тiлiмiзде еркiн сойлей алмасак кiм болганымыз???!!! Ал караныздар, сiздердiн шыгарган зандарыныздын натижесiн…. Орыстарын басымызга шыгып барады кутырып… Казакстанда турып казакша бiр ауыз соз бiлмеу деген сумдык кой… Казакстанда 5 жыл турган орыстын озi казак тiлiн уйренетiндей болган… Барлык маселе озiмiзде… Оз казагымызды аякка таптап, орысты басымызга шыгарып отырмыз. “Казакстанда осы елдiн азаматтыгын алып, турып жаткан озге улттын адамдары Казак тiлiн бiлсiн жане буган арнайы уакыт молшерi берiлсiн. Арнайы уакытта Казак тiлiн уйренбесе азаматтыктан айырылсын” деген зан шыгарса гой шiркiн… Сонда корер едiк орыстардын калай казакша сайрайтынын… Тек жогарыдагыларга Жараткан Аллам Иман мен Улттык Сана берсiн, иншАлла!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Ия сол адамнын озин казакша сойле казакстандасын дейтин адам болмады ма? Казакша сойлегенимиз ушин сотталып жатпасак игi еди((

  • Жұмбақ жан says:

    Сол жерде сол ақымаққа сен Озин қазақ жеринде тұрып неге орысша сөйлейсін дейтін биреу болмады ма?

  • Жұмбақ жан says:

    Сол орысын казакша билеме екен?!Керим болса казакша сойлесин ози!Жыламаныз енди.Кандай окиништи жагдай…

  • Жұмбақ жан says:

    Біз қазақпыс ,отаныміз,жеріміз бар,тіліміз бар.Сумдық..

  • Ғалия says:

    Бұл ұят өз елімізде тұрып өз тілімізде еркін сөйлей алмағанымыз ! Анау айтқан адамның өзі тупой ! Біз сізбенбіз жыламаңыз енді !

  • Жұмбақ жан says:

    Өте орынды, қазаққа орыс қазақша жауап берсін деп талап етейік

1 2 3 4

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар