Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақтың Мессиі» атанған 18 жастағы футболшы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Жарақат салдарынан бір жарым ай бойы футболға қатыса алмаған Еркебұлан Сейдахмет Қазақстанның ұлттық құрамасына шақырылды.

«Қазақ Мессиі» атанған жас футболшы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Қазақтың Мессиі» деп аталып кеткен «Уфа» футбол командасының шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстанның ұлттық құрамасына шақырылды.

«18 жастағы Еркебұлан Сейдахмет 1 маусымнан 6 маусымға дейін Астана қаласында жаттығу жиынын өткізетін Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды. Жиналыс аясында Әзірбайжан құрамасымен достастық матч өтеді»,-делінген хабарламада.

Ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойғаннан кейін, «Қазақ Мессиі» Уфа клубы үшін екі толық емес матч өткізді. Ол соңғы рет 7 сәуірде «Тула» «Арсенал» (1: 2) кездесуінде ойнады. Содан кейін отандық шабуылшымыз жарақат алып, осы себепті бірқатар кездесулерді жіберіп алды.

Оқи отырыңыз:

Головкин мен “Канело” арасындағы екінші жекпе-жек қашан болады

Қазақстан тұңғыш рет хоккей бойынша әлем чемпионатын қабылдайды

Әлем чемпионының бапкері: Головкин бұрынғыдай мықты емес, ол көп соққы жібереді

Футболист Мұ­хаммед Салах үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған

Талқылау