Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызын мазақ қылған экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаровты Бибігүл Дәулетбек сынға алды

Күні кеше ғана өзінің инста-парақшасында той үстінде қолын «батаға» жайған қыздың суретін жүктеп, тіпті артынша ол қыздың өз суретін өшіруді сұраған хатын халықтың назарына ұсынған экс-депутат Тәңірберген Бердонғаров бүгінде ол постын өшіріп тынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақ қызын мазақ қылған экс-депутат Тәңірбеген Бердоңғаровты Бибігүл Дәулетбек сынға алды

Алайда блогердің бұл қылығын құптамаған қазақстандықтардың саны басым. Тіпті белгілі журналист Бибігүл Дәулетбек те қызға араша түсіп, Тәңірбергеннің әрекетін сынға алды.

«Міне, біздің билік басында отырған еркексымақтардың сиқы! Мына қызды дүйім жұрттың алдына жариялап, бетін көрсеткенде бұрынғы экс-депутат не ұтты?! Тойдың үстінде отырған қонақ стаканын ұстапты, и не бопты?! Соны осылайша масқаралау керек пе? Байғұс қыз: “алып тастаңызшы” деп жалынып сұраса, мына кеңкелес оны мазақ етіп отыр. Ұятың қайда кетті сенің Бердоңғаров?! Егер осы қыз осы жариялымнан кейін өзіне қол жұмсаса, кім кінәлі болмақ?! Мүмкін бұл қыздың баласы бар шығар?! Кім ана тауып береді егер өліп қалса! Осы ма қазақтың еркегінің сиқы?! Жөнге салғың келсе өзіңнен баста! Ал мына қызды осылай қорлағаның үшін, рұқсатсыз суретін салғаның үшін заң алдында жауап бересің!», – деп жазған Бибігүл өзінің инста-парақшасында.

Журналистің жазбасының астына пікір қалдырушылардың да басым саны қызды қолдап, блогердің бұл қылығын танымалдыққа ие болудың кезекті бір түрі деп танып жатыр. Бұған дәлел желі қолданушыларының мына пікірі: «Хайповый экс депутат ол. Елге танымал бір ісі жоқ. «Перекресток» деген сериалға түскені болмаса түкте бітірген ісі жоқ. Қалай депутат болып жур? Осы сурет арқылы өзінің рекламасын тағы жасап алды. Дешевый реклама !!!!», – деген өз жазбасында Эльмира Муратбековна атты қолданушы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау