Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Жапонияның үздік студенті атанды

Сәуле Жолдаяқова өзінің ақылды екендігін Жапонияға алғаш келе салып дәлелдеген. Ол қазір Қазақстанның игілігі үшін ғылыммен айналысып жатыр.

Бұл туралы baribar.kz хабарлайды.

Сәуле болашақта Қазақстанда сутегі қоғамын құрғысы келеді.

“Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде оқып жүріп, “Болашақ” бағдарламасына тапсырдым. Жолым болып, Жапонияға оқуға аттандым. Мұнда жүргеніме биыл – сегізінші жыл. Эколог мамандығын төрт жыл бойы Токай университетінде меңгердім. Дипломдық жұмысымды ары қарай жалғастыруыма ұсыныс түсті. Басқа да шәкіртақыларға мүмкіндік бар екенін байқағаннан кейін, “Болашаққа” айтып, магистратураны осы жақта оқитын болып шештім. Магистратурада оқып жүріп, маған ғылыммен айналысқан ұнайтындығын аңғардым. Зерттеу жұмысымды жүзеге асыру үшін докторантураға да түсуім керек болды. Сөйтіп тағы бір шәкіртақыны ұтып алдым (күледі). Биылдан бастап ғылым және технология мамандығында оқып жатырмын”, – дейді ол.

Оның қазіргі таңдағы зерттеу жұмысы сутегіні тиімді, қауіпсіз, арзан жолмен пайдалану бағытына арналаған. Осылайша сутегінің қасиетімен сай келетін арзан металл тапқысы келеді.

“Хромның әлемдегі ең көп қоры Қазақстанда, марганец екінші орында, ал титанның әлемдегі өндіру көрсеткішінің 20%-ы біздің елдің үлесінде. Осы үш металдардың қасиеттерін ескергенде, бұлардан бізге қажетті қоспа шығаруға болатындығын байқадым. Қазіргі уақытта идеалды пропорцияны анықтап жатырмын”, – деді ол.

Айтуынша қазір сутегімен жүретін машиналарды Toyoto, Nissan, Honda компаниялары шығарып жатыр. Бұл автокөліктердің бағасы қарапайым адамдардың қалтасына салмақ түсіреді. Сондықтан мемлекет тарапынан арнайы субсидиялар бөлініп, сутегі станциялары салынып жатыр екен. Қазіргі уақытта мұнда 80-ге жуық сутегі станциялары жұмыс істейді.

“Бұл сала әлі зерттелмегендіктен, нөмірі бірінші мемлекет анықталмады. Жапония осы орыннан табылуға тырысып жатыр. Егер Жапония осы элементтің тиімділігін көрсететін болса, олардың технологияларына деген қызығушылық оянады, – деді Сәуле.

Қазақ қызы 2020 жылға қарай елге оралмақ. Әйтседе бойында сенімсіздік бар.

“Достарымның көпшілігі “Не үшін әлі күнге дейін осы зертханада жүрсің?” деп сұрайды. “Қазақстанда сутегі қоғамын жасағым келеді” десем, “сенің арманың тым биік, бұл оңай емес”, – дейді. Ештеңеге оңайшылықпен қол жеткізе алмайсың әрине. Бірақ мен мақсатыма жету үшін еңбектеніп жатырмын”, – дейді студент.

Оқи отырыңыз:

Жұрт ұшақ апатынан мерт болған Талғат Патсаевты ақтық сапарға шығарып салды

Сәби өмірге келгеннен кейін қандай діни жоралғылар жасалады

Алматы бекеттерінде АИ-92 бензині таусылып қалды

Алматыда полицей өзі жараланғанына қарамастан қашып жүрген қарулы қылмыскерді қолға түсірді

Талқылау