Қазақ қызы түрік азаматына тұрмысқа шыққаны үшін қатты өкініп жүр

Бейсенбі, 10 Қараша , 2016 21:05

Айша Айдынқызы жастықпен Түрік азаматына тұрмысқа шыққан. Арада 17 жыл өтсе де, ол әлі күнге дейін осы шешімі үшін қатты өкініп жүр.

pregnancy-1586473_960_720

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Айша Айдынқызы (есімі өзгертілді) жастықпен түрік азаматына тұрмысқа шығады. Артынша екеуі қолұстасып Түркия еліне аттанады. Алайда өз отанына барған соң, күйеуінің мінезі өзгеріп, өгей қыздары Айшаға күн көрсетпей қояды. Бұдан кейін Айша аяғы ауыр болса да, елге қайту туралы шешім қабылдайды. Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығып, өмірден опық жеген әйел қазақ қыздарына тек қазақ жігіттеріне тұрмысқа шығуға кеңес берді.

“Мен өзімнің жүзімді көрсеткендеріңізді қаламаймын. Ата-анамды жерлеген соң, осы Астана қаласына келуіме тура келді. Ең алғаш бастаған жұмысым құрылыс болды. Сол құрылыста сылақ секілді елдің істеп жатқан тіршілігін істедім. Менімен бірге құрылыста түрік азаматтары да істеп жатты. Ішінде жасы келіп қалған, егделеу бір кісі болды. Екеуіміз көңіл жарастырдық десем де болады. Түрік азаматы болғандықтан, ұсынысын қабылдағым келмеді. Бірақ, әйелі қайтыс болып кеткен соң, қатты аядым. Өзінің үш қызы мен бір ұлы бар екен. Балаларының рұқсатымен маған үйленетін болды. Уақыт өтіп, менің аяғым ауырлады.

Екеуіміз түрік еліне барған соң да барлығы жақсы болды. Кейін қыздары маған қабақ шытып, жолдасым да суи бастады. Қыздарымен ашық айқасқа түсіп кеткендіктен, мен елге қайту туралы шешім қабылдадым. Осы сәтте көз қуанышым – ішімдегі балам еді. Бір жылдан кейін қыз бала босандым. Қыз ер жетті, қазір 16 жаста. Екеуіміз бірге тұрып жатырмыз. Осы жағдайдан кейін тұрмысқа шықпадым. Бірақ, қызыма қараған сайын, өзіме ешқандай бақыттың керек емес екенін сеземін. Барлық қыз-келіншектерге тек қазақ азаматына, өзіміздің тәрбиемізге сай, салт-дәстүрімізді білетін азаматқа тұрмысқа шығуға кеңес беремін” – дейді ол.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Амантай қажы 23 жасар бойжеткенді тоқалдыққа алды (фото)

Мақпал Исабекова: Түнімен мәнті сатып, секонд-хэндте киінген кездерім болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 5 сағат кері

Оз казагына жетери жок кой

Жәнібек Амантай ұлы
1 ай 16 сағат кері

Обалың жоқ,Қазақтың жігіттері қурып қалдыма?
Тұрмысқа шыгар алдын не ойладың?
Жат ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздарды елімізге кіргізбейтин заң шыкпаса осылай жалғаса береді!!!

Александр
1 ай 28 минут кері

толығымен сізді қолдаймын!!!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар