Қазақ қызы Парижде ұлттық тағамдарды дайындайтын мейрамхана ашты

Сәрсенбі, 9 Наурыз , 2016 9:38

Гаухар мен Лоран – қазақтың атын француздарға ұлттық тағамдарымыз арқылы танытып жүрген жандар. Олар Парижде орналасқан қазақ ұлттық тағамдарын дайын­дайтын «Chez Mademoisselle» мейрамханасының иелері.

2-620x330

Бұл туралы Ақжол басылымы хабарлайды.

Жалпы, Франция – ежелден мейрамхана ісімен танылған ел. Статистика бойынша онда ресми түрде тіркелген 77856 мейрамхана бар. Оның 15 мыңға жуығы бір ғана Париж қаласында орналасқан. Осыншама мейрамхананың ішінен ең таңдаулы деген мыңнан астамы ғана «Мишлен» деп аталатын париждік мейрамханалар анықтамалығына енеді. Осыдан-ақ бұл саладағы бәсекелестікті бағамдауға болады. Ал қазақтың жал-жаясы мен қуырдағы, ыстық бауырсағы арқылы танылған «Chez Mademoisselle» мейрамханасы – осы анықтамалыққа енген бірегей мейрамхана.

Бұл анықтамалық тізімінен көріну үшін іріктеу жасырын сарапшылар арқылы жасалады. Олар кез-келген күні дәмханаға барып, ол жақтың тағамдарына ғана емес, ыдыс-аяғының қойылғанынан бастап, әжетхана тазалығына дейін баға береді. Тағамымен тіл үйіріп қана қоймай, сан түрлі талаптардан сүрінбей өткен «Chez Mademoisselle» мейрамханасында қазақ тағамдарымен қатар, Орталық Азия халықтарының ұлттық тағамдары дайындалады.

1

Ендеше, шетелде ұлтымыздың ұлттық тағамын ұлықтап, париждіктерді тамсандырып жүрген қазақ қызы Гаухар мен Лоранға біздің ағайындар да, француздар да разы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Лоран деген кiм ол жанiм ау

  • Жұмбақ жан says:

    Бир жигитке 7 кыздан келеди деп, аузы кок копирикке тола шертиетин жигитсымактар аркасында казактын каракоздери байсыз калмайык деген тирликкой бул

  • Жұмбақ жан says:

    Жарайсыз казак кызы

    • Жұмбақ жан says:

      Біздің ер азаматтарымыз өздері ұқсататын болса, казак кыздарымыз басқа ұлтқа кетпестен бұрын ойлау керек еді….

  • Жұмбақ жан says:

    Французша суюдиде катыратын болган шыгар

  • Жұмбақ жан says:

    Тамақты қатырыпсыз енді күйеуді қатырмасаңызда

  • аууу says:

    Француздың қатыны атанған көп мәңгүрттің бірі болып шықты. Жалпы, басқа ұлтқа тұрмысқа шығып, басқа ұлттың баласын асырап жатқандарды “ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ” деп әспеттейтін сандырақты қойғанымыз дұрыс. Қай ұлттың баласына ана болсаң, өзің де сол ұлттан болып саналасың! Ал, мына тірліктері, бар болғаны, табыс табу үшін жасалған “семейный бизнес” қана! Ұлтқа шынымен де пайда тигізуді ойлаған саналы, арлы, намысты, тәрбиелі қыз болса, діні бөлек кәпірдің қойнына жатпақ түгілі, маңына да жоламас еді ғой……

    • Жұмбақ жан says:

      қазақ қызын сонша кіналағанша, бірінші жауапкершілікті қазақ жігітсымақтарға артпайсыз ба?!

    • Жұмбақ жан says:

      Кандай Кудайдан коркпай солай жазасыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар