Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Қытай елінде үздік студенті атанды

Қытайдың Шанхай қаласындағы Шығыс Қытай педагогикалық университетінде оқитын павлодарлық студент Фарида Төлеубаева қытай тілі факультетінің “Ең үздік студенті” атанған.

12571268_219529981717888_874043208_n

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды

“Мені көрші мемлекет бес мың жылдық тарихымен, құпиясы тым тереңде жатқан жазуының сиқырымен қызықтырды. Ақыры өзім де қытай тілін толықтай меңгеріп шықсам деген шешім қабылдадым”, – дейді Фарида Төлеубаева.

Павлодарлық дарынды жастың айтуынша, қазіргі таңда қытай тілі факультеті Америка, Жапония, Корей, Ресей, Украина және Индонезия сияқты әлемнің сан түрлі студенттерінің басын біріктірген.

12565620_219275548409998_3720366899982679880_n

«Мұндай жеңіске жетуіме әрдайым қолдау көрсететін анашым Қарлығаш Төлеубаева мен білім нәрімен сусындатқан Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебі ұстаздарының қосқан еңбегі зор. Бүгінде алға қойған мақсатым – Шанхай қаласының ең үздік университетінде оқуымды жалғастырып, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі державаға айналуына үлес қосу», – дейді ол.

800 fdsf

Айта кетерлігі, 2013 жылғы «Жас дарын» мектебінің «Алтын белгі» иегері  атанған Фарида Төлеубаева Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің шығыстану факультетінің 3-курс студенті.  Қытай елінде академиялық мобильділік бойынша білім алып жатқан ол ана тілінен басқа, орыс тілі мен ағылшын, қытай тілдерін еркін меңгерген.

Талқылау