Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы америкалық қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді

Қазақ қызы Балауса Мұздиман кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаудпен тізе бүктірді.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Бойжеткен осыдан біраз уақыт бұрын кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Көп ұзамай ол АҚШ-тың Монро қаласында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта ауыр соққыларының астына алып, нокаутпен тізе бүктірді.

Қазақстандық спортшы америкалық боксшы Кэмри Максимен қолғап түйістірген болатын. Бұл Максидің де шаршы алаңға бірінші рет шығуы. Өкінішке қарай ол қазақ қызының соққысына шыдай алмады.

Айта кетейік, Балауса Мұздиман қазақстандық қыздар арасында кәсіпқой бокспен айналысқан екінші аруымыз.


Жіберіп алмаңыз:

Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді

V Азия ойындары: Қазақстан бір күнде бес “алтын” иеленді

“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Талқылау