Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы 500 мың теңге несиесін жабу үшін құрсағындағы сәбиін сатпақ

Эфирге ел алдына шыққан қазақ қызы құрсағындағы сәбиін сатпақ ниетте екенін айтты. Оған несиесі себеп.

7 арнаның “Өз ойым” бағдарламасына келген бойжеткен өз басындағы оқиғаны баяндап берді.

Жүктілігін жасырған бойжеткен сәбиін босанған соң сатпақ ниетте екенін айтты. Оның ақшасын несиесін өтеуге жұмсамақ. Басында 500 мың теңге несиесі бар. Ол басқа амалы жоқ екенін айтып жылады.

Айтуынша, өзі туыс ағасымен бірге тұрады. Алайда ағасы бұл жайттан бейхабар. Бойжеткеннің жүктілігіне 14 апта болған.

“Мен де өз сәбиімді еріккеннен сатпайын деген ойға келген жоқпын. 500 мың теңге несиемді өтеуім керек. Оның ақшасы өсіп жатыр. 14 апта ішінде балама өзім де бауыр басып қалдым. Үйде ішімді орап жүрем. Ағам жүктілігімі білмейді”, – дейді бойжеткен.

Бойжеткен бет-жүзін көрсеткен жоқ.

Желі қолданушылары қыздың әрекетін ашуланды. Бірі кеңесін айтып жатты.

“500 мың теңге бола балаңды сатасың ба? Адамның құны жоқ болды ғой”, “Амалсыздық не істетпейді? Басқа амалын тап, кейін өкінесің”, – дейді желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Қандай заманға жеттік 😶😞

Публикация от ⠀⠀🔷🔹ИНСТАГРАМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ🔹🔷 (@kaz_stars)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау