Қазақ қыздарын шетелдіктерге ұсынатын агенттіктер жұмыс істей бастады

Жұма, 15 Шілде , 2016 12:55

Қазақстандық жалғызбасты қыз-келіншектерге Еуропаның бойдақтары ұсынылып жатыр. Мұндай процесс арнайы агенттік арқылы жүзеге асырылып жатыр екен.

110zEl4QnDIa8A964CiTefW635qach

Сурет yvision.kz

Бұл туралы kaz.tengrinews.kz хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары Еуропа одағының Батыс елдерінде ерлер 30-40 жасқа келсе де өмірлік серігін таппай қиналады. Мұндай проблема Қазақстанда бар, алайда тек әйелдерге қатысты екен.

“Біз бірнеше жылдан бері Ресейдің неке агенттіктерімен бірге жұмыс істеп келеміз. Бірнеше ай бұрын Қазақстанның өкілдері хабарласты. Біз осындағы нарықты зерттеп, мұндағы проблеманың Ресей Федерациясындағы проблемаға ұқсас екенін білдік. Әйелдер мен ерлердің қалыпты статистикасы сегізге бірден келеді екен. Ал шын мәніндегі статистика, меніңше, бір ер адамға 12-15 әйелден келеді”, – деді Ost-West-Agentur Svetlana еуропалық танысу орталығының жетекшісі Светлана Ламке.

Бұл проблеманы неке агенттігінің өкілдері бірнеше фактормен байланыстырады.

“Саны бойынша Қазақстанда әйелдер көп емес, әйелдер мен ерлердің саны шамамен бірдей. Ал егер ерлерді бөлек алып қарайтын болсақ, үйленгендерді, маскүнемдерді, нашақорларды, секс-азшылық өкілдерін алып тастауымыз керек. Ал осыдан кейін нәтижесін байқауға болады, бұл статистикаға қарағанда, Астанада мәселен бір бойдақ ер адамға сегіз әйелден келеді екен. Шамамен осы көрсеткіш республика бойынша сақталып отыр”, – дейді астаналық Gimeney агенттігінің директоры Татьяна Логвиненко.

Оның айтуынша, компанияның клиенттері 32 жастан асқандар екен. Олардың басым бөлігінің бірнеше жоғары білімі бар, қалталы, мансап жолын құрып алған, алайда отбасылық өмірін ыңғайлай алмаған. Неке агенттігі Қазақстанның бірнеше өңірінде жұмыс істейді екен. Ал енді Еуропалық нарыққа көз тігіпті.

“Қазақстандағы әйелдердің тәрбиесі өзге елдердікіне қарағанда түбегейлі басқаша. Яғни жанұядағы құрмет пен қарым-қатынас терең әрі жақсы. Ал осы тәрбие Батыс Еуропада ер адамдар алатын тәрбиеге өте жақын. Бүгінде екі жақ бір-біріне үйлесіп тұр. Оларда еуропалық қыз-келіншектер отбасы құрғысы келмейді. Ал Қазақстанда тұрмысқа шықпаған қыздар көп, ол жақта бойдақ жігіттер көп. Олардың жасы 35-тен жоғары. Сондықтан толық құрамды отбасы құруға болады”, – дейді Лемке.

Бұл агенттіктің жұмыс істеген екі айында Астананың 30 келіншегі олардың көмегіне жүгініп үлгеріпті. Ал еуропалық бойдақтарды ұсынатын агенттік клиенттен кем дегенде 300 еуро алады екен. Сәйкесінше, қосымша қызмет пайдаланатындар бұл сома 5 мың еуроға дейін көтеріледі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру

Неге? Дұрыс. Қосылсын калағандарына. Бақытсыз боп өту керек пе? Бала сүйсін ел қатарлы. Көнбесеңдер, алыңдар төрт айелден. Заңдастырыңдар.

Сендерди сол офистеринде европеистеринмен косып ортеу керек

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар