Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қыздар университеті Карина Горичеваға оқу грантын табыс етті

Олимпиада жеңімпазын университет ректоры Динар Нөкетаева бастаған ұжым мен студенттер оқу орнының жазғы алаңға дейін дәліз жасап, нағыз батырларша қарсы алды.

14285242_575053036012863_2032836445_o

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы хабарлайды.

Рио олимпиадасында ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына төртінші қола медальды салған Карина Горичева Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университінің түлегі.

Қыздар университетінде Карина Горичевамен қатар, Майя Манеза, Маргарита Елисеева сынды кіл мықтылар оқығанын да айта кету керек. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен дүбірлі додаға қатысқан Елисеева олимпиадада бесінші орынға тұрақтаған болатын.

14247963_575051939346306_607854168_o

Карина Горичева ауыр атлетикамен 15 жасынан бері айналысып келеді. Ол жастар арасындағы Әлем чемпионаттарының күміс және қола, Қазанда өткен Бүкіләлемдік универсиаданың күміс, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола медальдарының жүлдегері.

Соңы концертке ұласқан кездесуде олимпиада жеңімпазы студенттерге өз қолтаңбасын беріп, естелік суретке түсті.

Арулар ордасының жазғы алаңында сән-салтанатпен өткен оқиғада спортшы қызға тегін оқыту сертификаты – Ректор гранты тапсырылды. Карина енді психология мамандығы бойынша да білім алатын болады.

Оқи отырыңыздар:

Карина Горичева Қазақстан қоржынына үшінші қола медальды сыйлады

Горичева: Мойыныма Олимпиада медалін ілгенде барлық ауыртпалықтарды ұмытып кеттім

Олимпиада жүлдегері Карина Горичеваға 10 миллион теңгенің сертификаты табысталды

Талқылау