Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ-Қытай шекарасында 100 миллион теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді

Қазақ-Қытай шекарасында екі күнде жүз миллион теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді. Заңсыз алып өтпек болғандар Алматы облысы Алтынкөл кеден бекетінде ұсталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Жедел іздестіру барысында өткізілмекші болған тауарлардың саны құжатта  аз мөлшерде көрсетілген.

“Шекара пунктынан өткізіп жатқан тауарлардың саны құжаттағыдан  2 есе немесе 3 есе көптігі анықталды”, – дейді облыстық кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

Осыдан мемлекетке 20 миллион теңге көлемінде шығын келді.

2017 жылы Алматы облыс аумағында кедендік 7 заңбұзушылық сотқа жіберілді. Нәтижесінде 925 миллион теңгенің тауары тәркіленді.

Шекарада болған оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып,  тергеу басталды.

Тағы оқыңыз:

Ақорда қақпасын бұзған полицейлер жұмыстан шығарылды

Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты

Мені апай ұрды: Алматы облысындағы балабақшада 3 жасар қыздың басы жарылып, емханаға түсті

Қарағандыда әкесі қызын тұрмысқа беруін сұраған жігітті пышақтап өлтірді

Талқылау