Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тағы бір фильм жарық көрді

«Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмінің тұсаукесері ертең, 5 ақпан күні,  ҚР Ұлттық музейінің ғимаратында өтеді. Жоба авторы – Бақыт Қайырбеков. 

--aza---handyigyi-550-zhyil

Сурет qazaquni.kz сайтынан алынды.

Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының тапсырысы бойынша «Мерген» студиясы түсірген.

Фильмнің әр сериалы өз алдына туынды болып табылады, онда көшпелі халықтардың ежелгі заманнан бергі дүниетанымы жайлы, әлемдік өркениет пен «мәдениеттер байланысы» жетістіктер мен жаңалықтар, жабайы жылқыны қолға үйрету мен алғашқы металлургиялық пештердің пайда болуы, үзеңгі мен оттың және өзге де әлемдік өркениеттің құндылығы болып табылатын ноу-хауларды аша түседі.

Сериал тек тарихи емес, сонымен бірге қазақ халқының ұлы мұрасы саналатын мифологияға, фольклор мен этнографияға негізделген философиялық, дүниетанымдық болып есептеледі.

Талқылау