Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақ хандығы” сериалында Жəнібек ханның шешесін сомдаған атақты актриса көз жұмды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында ұзақ уақыт қызмет жасаған, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Жанғалиева өмірден озды.

16bda99308d944f08968ed6f2071b5b5-1000x700

Жарты ғұмырын театрға, жалпы ғұмырын өнерге арнаған талантты актриса ел жадында еңселі образдармен сақталатыны анық. Бұл қаза қазақ өнерінің қабырғасын қайыстырып кетті. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына қарашаңырақ атынан қайғыра көңіл айтамыз, деп жазады тетардың ресми сайтында.

871c04bbaadc87d2b78c429b77036398_resize_w_520_h_

“Қазақ хандығы” сериалында Жəнібек ханның шешесінің рөлін сомдап еді. Түсірілім жұмыстарының арасында əңгіме-дүкен құрушы едік. Ерлан-ау, мына киноларың қашан бітеді, көзіме операция жасатуым керек еді, – деп қоюшы еді арасында. Тың еді, ылғи сергек жүруші еді. Иманды болыңыз, апа, əрдайым жадымыздасыз, көрмеген көшеңізден жарылқасын” – деп еске алады Ерлан Төлеутай.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында дүйсенбі күні өтеді.

Тағы да оқыңыз:

Димаштың 60 жастағы фанаты оны Америкадан арнайы іздеп келді

Ән айтуды доғарыңдар: Көз жұмған бала жайлы хабарлама Нұртас Адамбайға маза берер емес

Америкалықтар Димаштың «Сәлем» әніне фан-клип түсірді (видео)

 

 

Талқылау