Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақ хандығы” фильмі Путиннің қазақта мемлекеттілік болмаған деген пікіріне байланысты түсірілген

«Қазақ хандығы» сериалының продюсері Ресей президенті Владимир Путиннің қазақтарда ешқашан мемлекеттік болмағаны жайлы айтқан сөзі осы фильмнің түсуіне себепші болғанын айтады.

51bc2755d81189dd6b06911a48fbaaf7

«Естеріңізде ме, Путин «Қазақтарда мемлекеттік болмаған, ал Назарбаев оны құрды» деп еді ғой. Оның осы бір сөзі біздің тұтас бір фильм түсіруімізге сеп болды», – дейді Әрсенов.

Оқиға желісі ХV ғасырдағы қазақ хандығының құрылуына байланысты құрылған. Жобаның режиссеры Рүстем Әбдірашевтің айтуынша, «Қазақ хандығы» фильмі жастардың тарихты біліп, түсінуіне зор мүмкінік болады.

12345

Фильм қазақ тілінде түсіріліп, сосын орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдеріне аударылады.

БАҚ өкілдері хабарлағандай, фильмде Тамерланның немересінің рөлін президенттің қызы Әлия Назарбаева сомдайды.

Сериал Ілияс Сенеберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсіріліп, қазақ хандығының 550 жылдығына арналады.

Владимир Путин 2014 жылы тамызда «Селигер» форумында сөз сөйлеп, онда Қазақстанның ТМД елдері арасыныда экономика жағынан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында тұрған айтқан еді. Сонымен қатар, Қазақстанның әріптестік қатынас орнатуға қабілетті ел екенін және ешқашан мемлекеттігі болмаған елге мемлекеттік орнатқан Назарбаевтың рөлін айтып өткен еді.

Талқылау