Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ күресінің жеңімпаздары қажылыққа аттанады

Алматыда «Халық арена» спорт кешенінде Қазақ күресінен IV республикалық чемпионат мәреге жетті.

1488284705_1

Балуандар сайысы EXPO-2017 Халықаралық көрмесі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін өткізілді. Оған әр өңірден іріктеліп шыққан 59 балуан қатысты. Ұлттық спорттың абыройын асқақтатқан дүбірлі доданың ашылу салтанатында Бас мүфти Ержан Малғажыұлы, қазақтың даңқты балуаны, күрестен тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, «Alem Fighters» кәсіпқой спорт клубының президенті Ардақ Назаров спортшыларды дәстүрлі турнирмен құттықтап, оларға сәттілік тіледі. «Қазақ күресі – өнер.

Бұл біздің болмысымызда, қанымызда бар қасиет, дінімізбен астасып жатқан ұлттық дәстүріміз. Күрес – Пайғамбарымыздан (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) келе жатқан сүннет. Қазақ күресі күш пен әдіске қоса, әділдікті де қажет етеді. Алла елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Күшті мұсылман Алла Тағала құзырында әлсіз мұсылманнан жақсырақ», – деген. Мұндай бастамалар қоғамды бірлік пен ынтымаққа, бауырмалдық пен кішіпейілділікке шақырады. Діни басқарма халық арасында «Дін мен дәстүр», «Тарих және тағылым жылы» аясында имандылық пен ауызбіршілікті насихаттап келеді», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Қазақтың даңқты балуаны Жақсылық Үшкемпіров спортшылар мен жанкүйерлерге белсенділігі үшін алғыс айтты. Турнирдің қорытындысында жеңімпаздар үлкен және кіші қажылықтарға жолдамалар алып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, халықаралық дәрежедегі төрешілер шешімімен І орын иегері Дәулетхан Қосмағанбет (Қостанай) – үлкен қажылыққа, ІІ орын иегері Мәлік Төлеушов (Атырау) – кіші қажылыққа, ІІІ орын алған Дәурен Нұрғожин (Солтүстік Қазақстан облысы) кіші қажылыққа жолдамалар алды.

Тағы да оқыңыз:

Әскери қызметкердің ұлдары тапаншамен ойнап жүріп, абайсызда бірі екіншісін атып алды

Биыл жазда қайда демалуға болады?

Өске­мен тұрғыны иегімен сурет салады

Талқылау