Қазақ күресі федерациясының кубогына өтініштер қабылданып жатыр

Сәрсенбі, 18 Қараша , 2015 14:37

3-5 желтоқсанда  Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тұңғыш рет қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді

 

арман

Қатысамын деушілердің өтініші қараша айының соңына дейін қабылданады.

“Алдағы айда қазақ күресінің тарихында алғаш рет қазақ күресі федерациясының кубогы үшін турнир өтеді. Жарыстың ең ерекшелігі осы. Осы кубокты ұйымдастыруға ұйытқы болған, қол ұшын созған ҚР Спорттық жекпе-жек жəне күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясына алғысым шексіз. Жалпы, олимпиадалық спорт түрі болмаса да, қазақ күресі мамыр айында осы конфедерацияның тізіміне енген. Ал кубок – ол облыстардағы қазақ күресі клубтарының, əртүрлі ұйымдардың арасында өтетін сайыс”,- ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев.

Айтуынша, қазір республика бойынша 14 команда тіркелді. Бұл сайыста «Қазақстан Барысы» мен «Еуразия Барысы» турнирі жүлдегерлері өз аймағының намысын қорғайды. Мысалы, Жамбыл облысынан Бейбіт Ыстыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысынан Жұманазар Ерсұлтанов, Қызылорда облысынан Руслан Әбдіразақов, Нұрым Сәлімгереев, Семей қаласынан Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов сынды балуандар қатысады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар