Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ елінің талантты композиторы дүниеден озды

Қазақ өнері қара жамылды. Бейсенбіден қасиетті жұмаға қараған түні белгілі композитор, «Сәби болғым келеді», «Дариға, домбырамды берші маған», «Қазағым-ай», «Аякөз ару», т.б. жүздеген қайталанбас туындыларды дүниеге әкелген әнші Тұрсынғазы Раxимов дүниеден озды.

турсын-1000x590

Бұл туралы Baistars.kz хабарлады.

Тұрсынғазы Рахимов 1951 жылы 15 қазанда дүниеге келген. Алматыдағы эстрадалық-цирк колледжінің түлегі. 1994 жылы “Сәби болғым келеді” деген атпен әндер жинағы шықты.

«Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл», «Сәби болғым келеді» секілді әндерді жазған композитордың барлығы жүзге тарта әні бар.

Тұрсынғазы Рахимов Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері. Республикалық деңгейдегі бірталай өнер байқауларының лауреаты.

Талқылау