Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақ елі» анимациялық фильмінің түсірілімі аяқталды

Шымкентте көптеген жақсы мультфильмдердің тұсауын кескен «Сақ» киностудиясы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тарту ретінде қолға алған «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмін аяқтады.

Қазақ-елі-мультфильмі

Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы хабарлайды.

Ересектер ел тарихын біледі десек те, балғындарға қазақ елінің тарихын таныту, Отанына деген сүйіспеншілікті жүректеріне орнықтыру үшін патриоттық фильмдер көп керек. Қазақ ордасының туын көтеріп шыққан Керей мен Жәнібектің балалық шағынан бастап өрілетін тарихи кезең Сауран, Отырар, Сығанақ сияқты қазақ шаһарларындағы өмірмен қамтылған.

Алты бөлім, жетпіс бес минуттық фильмге шетелдіктер де қызығушылық танытуда. Қазір «Қазақ елі» мультфильмі орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аударылып жатыр.

Талқылау