Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ болғаныма мақтанамын: Ресейдегі сұлулық байқауында жеңіске жеткен қазақ қызы қазақстандықтарға алғыс білдірді

Ресейде өткен Miss Fashion Russia сұлулық «Миссис 2018» атанған қазақ қызы Жанна Есенжолова қазақстандықтарға алғыс білдірді. Өз сөзінде ол қазақ екенімен мақтанатынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Жанна Есенжолова

Сұлулық байқауының «Mrs Fashion Russia-2018» категориясында жеңіске жеткен Жанна Есенжолова Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандықтарға жазба арнап, көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Өзінің қазақ екенін айтқан Жанна Ресей жерінде сырт келбетімен ерекшеленетіндіктен, бала күнінен бері ұлты  туралы сұрағандар көп болыпты.

«Тегім – Есенжолова және ол әкемнен берілген. Бала кезімнен бері маған ұлтым туралы сұрақ көп қойылатын. Қатарластарым мені орыс емес, қытай және т.б. деп атайтын. Жалпы, мені кім деп атамады.

Өзіндік ерешелігіме байланысты көбісі қайт ұлт өкілі екенімде бірден біле алмайтын. Ал мен ұлтым туралы сұрағандарға қазақ екенімді мақтанышпен айтатынмын. Себебі анам, әкем, әжем, тәтем мен ағам маған бала күнімнен бері өзімнің ұлы халқыммен мақтануды үйрететін», – дейді Жанна Есенжолова.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жанна Есенжолова (@zhannaes)

Сонымен қатар Жанна ханым өзінің екі отаны бар екенін айтты.

«Мен қазақпын және өзімнің қазақ ұлтыммен мақтанамын. Мен ресейлікпін және Ресей мемлекетімен мақтанамын.Негізінде, менің екі отаным бар – Қазақстан және Ресей», – дейді ол.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жанна Есенжолова (@zhannaes)

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейде өткен сұлулық байқауында қазақ қызының жеңіске жеткенін хабарлаған едік. Ол «Mrs Fashion Russia-2018» категориясында жеңімпаз атанды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау