Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ боксшысы АҚШ-тағы кәсіпқой рингте жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады. АҚШ-тың Невада штатындағы Ринода өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық Ноэль Эскуэданы жеңді.

Сурет: Miguel Salazar

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

24 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Сағадат өткен жылдың күзінен бастап АҚШ-та Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов және Асхат Уәлихановпен бірге жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Қазақстандық боксшы әуесқой бокста 69 кг-ға дейінгі салмақта жұдырықтасты. 2013 жылы ел чемпионы атанды. Араға бір жыл сала күміс жүлдені жеңіп алды.

Оқи отырыңыз:

Денис Тен: Қазақстанда мені алмастыратын ешкім жоқ

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы мансабын аяқтады

Денис Тен Олимпиадада неліктен сәтсіз өнер көрсеткенін түсіндірді

Сиви Махмуди ғашықтар күнінде сексуалды халатын киіп күйеуін күтіп алды (фото)

Талқылау