Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақ біреудің кітабын өлген соң оқиды": Тұрсынбек Қабатов 40 жасына арнап кітап шығармақ

Биыл танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов 40 жасқа толады. Осы орайда ол кітап шығаруды жоспарлап жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Сәлем шоу» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Алла жазса осы күзде қырық жасқа келеміз. Мен туған күнге мән бермеймін. Жұмысымды істеп жүре беремін, құттықтаулар келіп жатады. Біреулер «Ойбай, қырыққа келіп жатырмыз. Мен елуде екенмін. Ужас, мама» деп шошып жатады. Ол – өмірдің заңы. Сондықтан оны мүлдем ойламау керек», - дейді ол. 
Әрі қарай ол айналасындағылардың «Қырыққа келіп жатсың, не істейсің?» деп сұрақ қойып жатқанын жеткізді. 

«39 жасымда не істесем, соны жалғастыра беремін» деп жауап беремін. Алдағы уақытта көре жатармыз. Жалпы кітап шығарсам деген ойым бар. Отызда орда бұзбаған, қырыққа келіп қамал ала алмайды деген сөз бар», - дейді ол. 
Аталған туынды «Қырық жасқа Тұрсынбектің қырық әзілі» деп аталады. Өмірбаян емес, тек әзілдер жинағы болмақ. 

«Бізде қазақта біреудің кітабын өлгеннен кейін оқиды. Өмірден өтіп кеткеннен кейін кешін өткізіп, оқып, осылай жазған екен ғой деп айтып жатады», - деп күлді Қабатов. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр