Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ әжей әлемдегі ең көп өмір сүрген адам деп танылды

Ресейдің Краснояр ауданының тұрғыны Танзиля Бисембаев әлемдегі ең көп жасаған адам ретінде Ресейдегі Рекордтар кітабына енді. 2016 жылдың 14 наурызында ол 120 жасқа толған. Бұл рекордты көрсеткіш ресми түрде тіркелді.

Rodom_iz_carskoj_Elena_Melihova_d_850

Сурет: rg.ru

Танзаля әжейді Исламғазы ауылында бәрі таниды. Ол өткен ғасырда, 1896 жылы туып, революцияны да, Ұлы Отан соғысын да, КСРО-ның ыдырауын да, жүйенің ауысқанын да көзімен көрген. Үш ұлынан 10 немере, 24 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр. Ең кішкентай шөпшегі екеуінің арасында 119 жас айырмашылығы бар екен.

Туыстарының айтуынша, Танзаля әжей Еңбек ері атағына әбден лайықты. Ол жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеген. Ол кезде еңбек кітапшасынынң болмағандықтан, еңбек өтілін дәптерге жазған. Шенеуніктер оның туу туралы куәлігі мен құжаттарын сұрайды. Бірақ, куә адамдар өмірден өткен болса, ол куәлікті қайдан аламыз деп ашынады жақындары.

20160512224045 (1)

Әжей соғысқа дейін тұрмысқа шығып, алайда күйеуін фронтқа шақырып,ол содан оралмаған. Одан туған тұңғышы шетінеп кеткен. Соғыстан кейін 49 жасында қазақ жігіті тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап, одан үш ұл сүйді.

Әжей өзінің ұзақ жасаған сырымен бөлісті. Ол өмірге позитивті көзқараспен қарайтынын, ешкімге ренджімей көңілді жүретінін, темекі шекпей, тек табиғи өнімдер тұтынғанын айтады.

Ол қазақ халқының салты бойынша кенже ұлының қолында. Оған келіні қарайды екен. Ең қызығы, әжей жүз жасына дейін дәрігерге қаралып көрмеген екен. Тіпті, балаларын үйде босаныпты. Тек, 100 жасқа толған шағында көз жанары нашарлап, ота жасауға тура келген. Жасы үлкендігіне қарамастан қоғамда болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып жүреді. Ара тұра ана тілінде өлең жазатын өнеріде бар екен.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Астрахань облысында 71 адам 100 жасаған. Олардың ішінде тек 6-уы ғана ер адамдар. Ресейдегі Рекордтар кітабының мәліметінше, Танзаля Бисембаева әлемдегі 120 жасқа толған екінші адам болып отыр. Ең көп жасаған бірінші адам Жанна Луиза Кальман 122 жас, 164 күн өмір сүріп, 1997 жылы қайтыс болған еді.

Жіберіп алаңыз:

110 жасқа толған оңтүстік қазақстандық қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті

Талқылау