Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақ аруы” жеңімпазы: Өзімді жоғалтып алғанымды түсіндім

«Қазақ аруы – 2012» байқауының жеңімпазы кезекті жазбасы арқылы айналасындағыларға деген ренішін жеткізді.

17077187_1730507457260337_2476120634090848256_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айғаным Өтепбергенова – «Қазақ аруы – 2012» байқауының жеңімпазы. Өзіне бұйырған мүмкіндіктерге қарамастан, бойжеткен тұрмысқа шығып, бимен айналысады. Бүгінде жеке «Эйфория» атты би тобы бар. Мұнымен қатар, өткен жылы продюсерлікті қолға алған болатын. Бірнеше күн бұрын арудың арманындағы үйін салғаны туралы да жазған болатынбыз. Бұл арманына жету үшін ол көп еңбектенген-ді.

«4 жыл қатарынан жұмыс істеп жүріп өзімді жоғалтып алғанымды енді ғана түсініп жатырмын. Үнемі өзімді соңғы орынға қоятынмын. Әрдайым айналамдағылардың жағдайын ойлап келдім. Оларға көмектесу үшін барымды салдым. Бірақ не үшін? Өзімді ойлайтын уақыт келген сияқты?! Қанша тырысып бақсам да, адамдар бұл әрекетімді бағаламайды… Ойымды осы жерде қалдыруды жөн көрдім. Мен өзгерістер болғанын қалаймын. Мен жай ғана шаршадым. Кішкене қыз шаршады», – дейді Айғаным Өтепбергенова.

Бойжеткеннің бұл жазбаны жазуына не нәрсе себепші болғаны белгісіз. Желі қолданушылары өз кезектерінде оған сабырлы болуға кеңес берді. «Мен сені өте жақсы түсінемін», «Сен өзіңді жоғалтқан жоқсың! Керісінше мол тәжірибе жинадың. Өмірге басқаша көзқараспен қарай бастадың. Игі істеріңді жоққа шығарудың қажеті жоқ. Олардың саған қайта оралатынына сенімдімін! Мен сені жақсы көремін әрі түсінемін» деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева әншілерді аттестациядан өткізіп тұруды ұсынды

Иманбаева тілді шұбарлап сөйлейтін өнер иелерін мәдениетті болуға шақырды

Анасы: Димаш Америкада қалмайды. Ол тек қазақ үшін еңбектенеді

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі ұятсыз бейнебаянға түсті

Талқылау