Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақ аруы -2016” байқауының іріктеуінен 22 сұлу өткен

“Қазақ аруы-2016” сұлулық байқауының қатысушылары таңдалып болды. Қазірге 22 қыз бастапқы сынақтардан сүрінбей өткен. Тек 22 наурыз күні олардың ішіндегі бағы мен бабы жанғаны ғана “Қазақ аруы-2016” атағын жеңіп алатын болады,-деп хабарлайды stan.kz  сайты.

 


Қаңтар айының екінші жартысынан бастап Алматы мен Астана қалаларында аруларды іріктеу жұмыстары жүргізілген болатын. “Қазақ аруы” байқауының негізгі ұйымдастырушысы Баян Есентаева өз парақшасында “Еліміздің ең сұлу қызы 22 наурыз күні анықталатын болады. Ал біз аруларды ханшайымға айналдыру сиқырына кірісіп кеттік” деп жазады.

Талқылау