Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақ аруы-2016” тек ана тілінде сөйлегені үшін көпшілікке бірден ұнап қалды (видео)

“Қазақ аруы-2016” байқауының жеңімпазы Әлмира Ахатова журналистердің орыс тілінде қойған барлық сұрағына ана тілінде жауап беріп, осы әрекетімен көпшілікті қайран қалдырды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Биыл алтын тәж атыраулық бойжеткенге бұйырған болатын. Ару бұл алтын тәжге оңай қол жеткізбегенін өзі де мойындайды. “Осы 600 қыздың арасынан, 21 қыздың ішінен өткеннен кейін әрине жеңісті күттім. Сахнада тұрғанда жеңістің дәмін сезгендей болдым. Шын жүректен, өте қуаныштымын. Кейде мүмкін  осы алтын тәжді мен киетін шығармын деп күнде ойлап жүрдім”, – дейді бойжеткен.

Бұдан өзге сахнада тұрған әрбір бойжеткеннің “Қазақ аруы” деген атқа лайық екенін айтты. Бойжеткен бұрын-соңды кәсіби бимен айналыспағандықтан, дайындық барысында біраз қиналған. Бір жарым ай ішінде Баян Мақсатқызына уәде бергендей 5 кг артық салмақтан арылған. Мектеп қабырғасында Абай оқуларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Дәл қазір Абайдың 120-дан астам көркем сөзін жатқа біледі екен.

Қазақ аруының сұхбатта тек қазақ тілінде жауап беріп тұрғанын көрген көпшілік оның бұл әрекетін оң қабылдап, “жарайсың” деп қолпаштап жатыр.

Баян Мақсатқызы биыл “Қазақ аруы-2016” байқауының жеңімпазын анықтауға әділ-қазы алқаларының ойы 100% бір жерден шыққанын айтты.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін “Қазақ аруы” тәжін киген сұлулардың немен айналысып жүргендігі туралы материал жазған болатынбыз.

Талқылау