Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ аруларының білімін сынаған Әнуар Нұрпейісовтің өзі Абайдың қара сөзін білмей ұятқа қалды (видео)

Қазақ аруларының білімсіздігін айтып сынға алған актер Әнуар Нұрпейіов Абайдың қара сөзіне келгенде тосылып қалды. Сұрақты қалаулымдық Камила қойды.

Қазақ аруларының білімін сынаған Әнуар Нұрпейісовтің өзі Абайдың қара сөзін білмей ұятқа қалды (видео)

“Қалаулым” бағдарламасы арқылы танылған Камила Әнуар Нұрпейісовке бағдарламада сұрақ қойды.

“Сіз әдетте ақылға мән бересіз. Енді өзіңіз айтыңызшы, Абайдың 4-қара сөзінде не жазылған? Абайдың сөзін бар қазақ білуі тиіс”, – деді Камила.

Актер бұған жауап бермесе де, тосылып қалған жоқ. Камиланың сұрағына сұрақпен жауап берді.

“Қазақтың бәрі Абайдың қара сөзін жатқа біледі деп ойлаймын. Мен шынымды айтайын 4-қара сөзінде не айтылғанын білмейді екенмін. Сіз білсеңіз айтыңызшы, 6-қара сөзінде не жазылған?”, – деді Әнуар.

Бұл сұраққа Камила да жауап бере алмады.

“Мен оны толық білмейді екенмін. Мен 4-қара сөзін жаттағам. Бірақ айта кетейін, онда орынсыз күлкі мен орынды мінез жайлы айтылған, біліп жүріңіз. Ал, өзіңіз сұраған 6-қара сөзде не айтылған. Айта кетсеңіз”, – деді Камила.

Актер бұл сұраққа жауап берген жоқ.

Желі қолданушылары өзгелерді сынап жүрсе де, өзіне қойылған сұраққа жауап бере алмаған Әнуарды да, өзі де білмейтін сұрақ қойған Камиланы да сынап тастады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау