Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ әншілері тойда тегін ән шырқауға дайын екендерін айтты

“Шашылсаң тойда шашыл” деген қазақ халқы. Қазір тойды табыс көзіне айналдырған әртістер аз емес. Алайда дархан көңілі кең халықтың перзенттері шақырған жерден қалмауға тырысып, той иесінің жағдайына қарап, тегін өнер көрсетуге дайын көрінеді.

серікбол мен бейбіт 290617

Бұл туралы Хит-ТВ арнасы хабарлады.

Олардың қатарында той-томалақта бидің көкесін танытатын Бейбіт Көшқалиев те бар.

“Қазақ білесіз ғой, кіріп бере аласыз ба, шығып бере аласыз ба, құттықтап кете аласыз ба деп… Ол міндетті түрде болады, одан бас тарта алмаймыз енді. Бірақ оны адам үшін емес, Құдай үшін жасау керек. Өйткені Құдай саған басқа жақтан беріп жатыр ғой, қаржылай жұмыстарын беріп жатыр.

Сен ол жаққа да бардың, бәрінен ақша бола бермейді, сол үшін мына жаққа да барып тұру керек. Қайырымдылық – оны Құдай үшін жаса, егер адам үшін жасасаң, одан бір жақсылық күтіп жүресің. Сосын істемесе ренжисің”, – деді ол ағынан жарылып.

Бейбіт Көшқалиев тойда белгілі бір сомманы талап етпей, қуаныш иесінің берген соммасына риза болып қайтатын көрінеді. Ең бастысы, таза ниет пен пейіл дейді әнші.

“Әркімнің жағдайы әртүрлі болады. Біреулер болады: «Мен сізге 30 мыңнан басқа ештеңе бере алмаймын», – дейді. Өмірде бәрі болады. Біз Еуропада, Америкада тұрмаймыз. Соның бәріне түсіністікпен қарау керек”, – дейді Бейбіт.

«Ой, жеңге» әнімен талай тойдың сәнін келтіріп жүрген Серікбол Сайлаубек берген сертіне адал. Қандай шұғыл шаруасы болмасын, барам деп уәде берген салтанатты жиыннан бір сәт те қалған емес.

«Егер сізге келем деп қойсам, үстінен 50 мың доллар берсе де, бара алмаймын. Өйткені мен қазақтың азаматымын, қазақтың жігітімін. Айтқан сөзімде тұруым керек. Барам деген жерге барамын. Ал егер де айтқанымда тұра алмасам, қолым бос емес деп айтамын. Оған ешкім қарсылық білдіре алмайды. Өйткені бұл өмірде ешкім ешкімге мұқтаж емес. Қолдан келгенше жастарға үлгі болайық деген ынтамызбен… Бұл өмір дүниемен құралған жоқ. Ақша, мансап емес, бұл жақта абырой», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Батыр Байназаров: Мақпал Исабекова екеуміздің махаббатымызға сеніңіздер

Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі: Ұлымды сынаған елге түкіргенім бар

Гүлзира Айдарбекованың жаңа автокөлігі қызу талқыға түсті

Бағлан Әбдірайымов көп әйел алуды заңдастыру керектігін айтты

Талқылау