Қазақ ақыны жер комиссиясының өкілдеріне өлең арнады

Бейсенбі, 28 Шілде , 2016 8:27

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жұма-Назар Сомжүрек Жер комиссиясының мүшелеріне өлең арнады.

c8df46b5-6891-4645-9908-01ca77be379d

Сурет: qazaquni.kz

Бұқарымыз –Шаханов дара Мұхтар,

Соңында құлыншақтай бала Мұхтар.

Жас та болса, сөзінде даналық бар.

Жер үшін күрескерлік істеріне,

Риза далалық пен қалалықтар.

Болатхан батыр ұлы Мұхтар інім,

Әкенің ерлік жолын тұтқан інім.

«Қазақ жерін сатуға ешкімге де,

болмайды» – деп, шырылдап шыққан үнің.

Бір өзі мыңға татыр Мұхтар інім,

Ел мұңын жастайынан ұққан інім.

Халқының жоғын жоқтап тура бидей,

Кеңесте сөз ұстаған тұтқа бүгін.

Күні-түн ойлар елдің есендігін,

Ұлтыма керек тұлға көсем бүгін.

Көкшедегі кеңесте көш бастайтын,

Дос Көшім көрсетті ерен шешендігін.

Дос Көшім ұлттың ұлы досы нағыз,

Әр сөзіне қол соғып қосыламыз.

Құдай мен мемлекет— жер иесі,

Халықтың ортақ ойы – осы нағыз!!!

Қанын сорып жатқанда нарық күнде,

Ер ұлдар өздереңмен халық бірге.

Жерсіз елдің тағдыры түнек түндей ,

Жерімен тек жетеді жарық күнге!

Аттарың бүгін бүкіл ел аузында,

Бейнелерің халықтың көз алдында.

Аталы сөз аузынан ақтарылар,

Айдос Сарым бір төбе өз алдына.

Жер үшін атой салып адайлар көп,

Сендер шықтың Бөгенбай, Қабанбай боп!

Антейдей-ақ күш алып қара жерден,

Табан тіреп тұрсыңдар қамалдай боп!!!

Сендермен бірге соғар жүрегіміз,

Сендерсің қалқанымыз, тірегіміз.

Сендердің амандығың, жеңістерің –

Құдайдан күнде тілер тілегіміз!!!

Әумин!

Жіберіп алмаңыз:

Жер комиссиясының мүшесі қазақ тіліне қарсы шығып, орысша сөйлеуді ұсынды

Мұхтар Тайжан жер комиссиясы төрағасының ауысуына қарсылық танытты

Қостанайлық жігіт Алматыдағы терактіге қатысты әсерлі өлең шығарды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Болат says:

    Басталды, енді барлығы жер комиссия мүшелерін батыр атандырып, өлең, ән шығара бастайды. Оларды жұлдызға айналдырғанымыз қалып еді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар