Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтатын 3 жасар Нұрсая көрермендерді тағы да тәнті етті (видео)

Нұрсая есімді 3 жасар қазақ қызы бағдарламаға қонақ ретінде шақырылды.

Нұрсая Бағдатқызы әкесімен бірге “Ана мен бала” бағдарламасының қонағы болды.

Бүлдіршін қыз Абайдың, Ыбырайдың, Мағжан, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңін оқып берді.

Әкесі Нұрсаяның 2 жасынан бастап қазақ ақындарының өлеңін жаттағағын айтты. Тілі бір жасынан аса шығыпты. Айтуынша, қызының жаттау, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Сурет салуға бейімділігі де бар.

Желіде бұған дейін ақындардың өлеңдерін оқып танылған қыз ол кезде небары екі жаста болыпты. Көрермендер кішкентай қыздың өнеріне тәнті болды.

Талқылау