Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаза тапқан полицейдің көршісі: Аян қайырымды адам болатын

Желі қолданушысы Дәулет Құрманбаев өзінің парақшасында Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейдің бірі туралы естелігін жария етті.

4747

Ол Фейсбуктегі парақшасында жазған.

“Сіз неге жұмысқа ерте бара жатырсыз?” – деп сұрадым полицейден. Ол біздің қалалық Ұлттық банкты күзетті. Аян Жаңатұрмыстағы менің көршім болды. Ол ескі гольфпен жұмысқа баратын. Ол үнемі қайырымды, жомарт адам болды. Кеш үйленді. Бірақ, бақытты еді – екі қызы бар.

Бірде менің көлігімнің жанына белгісіз ер адам тұрып алды және Аян оның кім екенін білмек болды. Бұл әрине оның міндетіне кірмейді. Ол тек біздің қауіпсіздігімізді сақтады. Алматыда теракт болған кезде мен біздің әлемнің өзгергенін түсіндім. Бұл бізбен бірге, біздің қаламызда болып жатыр. Біз аса сақ, мұқият болуымыз керек. Ол біздің қауіпсіздігіміз үшін жанын пида етті. Аян Ерболғанұлы Ғалиев – Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-ші батальонының полицейі. 18.04.1974. Иманды болсын”, – деп жазады автор.

Бұған дейін Алматыны қанға бояған қылмыскердің салафизм ағымымен байланысы бар екені туралы ақпарат жарық көрген еді.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді. Ал Елбасы қанды оқиғаны теракт деп атап, ішкі істер министрін шұғыл түрде Алматтыға аттандыратын болды. Ал шаһарда террорға қарсы операцияның аяқталғаны хабарланды.

Талқылау