Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаза тапқан ақтөбеліктердің отбасы 5 млн теңгеден алады

Ақтөбе облысының басшылығы террорлық акті салдарынан қаза тапқан отбасыларға материалдық көмекті ұлғайту туралы шешім қабылдады.

қаза-болды

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Материалдық көмек 4 отбасыға  бұрынғы айтылған 1 миллион емес, 5 млн теңгеден көрсетілетін болды.

Ақтөбеде  5 маусымда екі қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге  қарулы шабуыл жасалды. ІІМ деректеріне сәйкес содырлардың көбі ұсталды. Бүгінде алты адам іздеуде.

Лаңкестік салдарына 7 адам қаза тапты. Оның ішінде азаматтар мен әскери тұлғалар бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әкімдік қаза тапқан, зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетуде.

Қаза тапқандар  ішінде  –  «Паллада»  дүкенінің сатушысы 44 жастағы Андрей Максименко, 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко, 35 жастағы Михаил Матросов кездейсоқ оққа ұшты, 33 жастағы «Күзет» қызметкері Мерхан Тәжібаев қызметтік міндетін өткеру барысында көз жұмды.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 9 маусым қаралы күн деп жарияланды.

Республика бойынша жалау төмен түсірілді. Мәдени-бұқаралық, спорт, ойын-сауық шаралары тоқтатылды. Көңіл көтеретін теле- және радио хабарлар кейінге қалдырылды.

 

Талқылау