Қаза тапқан ақтөбеліктердің отбасы 5 млн теңгеден алады

Бейсенбі, 9 Маусым , 2016 12:53

Ақтөбе облысының басшылығы террорлық акті салдарынан қаза тапқан отбасыларға материалдық көмекті ұлғайту туралы шешім қабылдады.

қаза-болды

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Материалдық көмек 4 отбасыға  бұрынғы айтылған 1 миллион емес, 5 млн теңгеден көрсетілетін болды.

Ақтөбеде  5 маусымда екі қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге  қарулы шабуыл жасалды. ІІМ деректеріне сәйкес содырлардың көбі ұсталды. Бүгінде алты адам іздеуде.

Лаңкестік салдарына 7 адам қаза тапты. Оның ішінде азаматтар мен әскери тұлғалар бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әкімдік қаза тапқан, зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетуде.

Қаза тапқандар  ішінде  –  «Паллада»  дүкенінің сатушысы 44 жастағы Андрей Максименко, 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко, 35 жастағы Михаил Матросов кездейсоқ оққа ұшты, 33 жастағы «Күзет» қызметкері Мерхан Тәжібаев қызметтік міндетін өткеру барысында көз жұмды.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 9 маусым қаралы күн деп жарияланды.

Республика бойынша жалау төмен түсірілді. Мәдени-бұқаралық, спорт, ойын-сауық шаралары тоқтатылды. Көңіл көтеретін теле- және радио хабарлар кейінге қалдырылды.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Айбол says:

    Обылыс басшылығы материалдық көмекті көрсетуде дұрыс іс істеген екен, қазір ақшаның құны жоқ. Сондықтан әрбір жанұяға 5 млн тенге көмек болары сөзсіз.

  • Жұмбақ жан says:

    Сапарбаев молодец! Өте орынды шешім, қазір қасірет тартып жатқан отбасылар үшін көмек ауадай қажет.

  • Жұмбақ жан says:

    ДҰРЫС! Ер азматынан айрылған отбасыларға қанша көмек көрсетілседе көп болмасы анық. Дегенмен, Үкімет дұрыс істеді 5 млн тенгеден беріп.

  • Жанар says:

    Осындай қиын жағдай қаза тапқан жандардың отбасыларына мемлекет көңіл бөліп, материалдық көмек көрсетулері құптарлық.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар