Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада балдан түскен қаржы Аружан Сайынның қайырымдылық қорына аударылады

Астанада 29 желтоқсан күні “Думан” ойын-сауық орталығында дәстүрлі жаңа жылдық бал өтеді. Кештен түскен қаржы  Аружан Сайынның қорына аударылады.

images

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Биылғы жаңа жылдық бал «Ұлы Жібек жолы: барлық жол Астанаға апарады» деген тақырыппен өтпек.

Сценарийге сәйкес, ескі жылдан жаңа жылға апаратын жол Ұлы Жібек жолымен музыкалық-театралдық бағдарламамен көркемделеді.

Жаңа жылдан таңғажайып қызығы мен ертегісін күту  – баршаға ортақ болмақ. Кеште отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Олардың ішінде “Дервиши”, “МузАрт”, Ademi, “101” және «Формат» тобы, Әли Оқапов, Айгүл Иманбаева, Қайрат Баекенов, Жамилә Серкебаева, Тұрсынбек Қабатов және “Спарта” КВН командасы бар. Кешті Әсел Сағатова, Берік Айтжанов, Даут Шайхисламов және Айнұр Ильясова жүргізеді. Қайырымдылық балынан түскен қаржы  Аружан Саинның “Добровольное общество “Милосердие” қорына аударылады.

Талқылау