Қайырымды жандардың арқасында құлағын ит жұлып алған қызға ота жасалды (фото)

Жұма, 1 Шілде , 2016 20:03

Батыс Қазақстан облысының Мичурино кентінде тұратын алты жасар Настя Суржикованың алабай ит жұлып алған құлағының орнына жаңа құлақ тікті,-деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Ота Түркияда жасалды. Хирургтер құлақ жарғағын қыздың қабырғасынан алынған шеміршек тінінен жасаған.

настя1

2016 жылдың 25 ақпанда мектептен қайтып келе жатқан Настяға екі үлкен ит тап берген. Оны иттен арашалап алғанымен, құлақ қалқаншасын зақымдап үлгереді. Бұл оқиғадан хабардар адамдар ота жасатуға қолдарынан келгенше қаржылай көмек көрсеткен еді.

настя

Республикалық «Милосердие» қоры қолдау жасап, Ыстамбұлдағы клиникалардың бірінде ота жасалды.

«Көмек қолын созған жандардың барлығына алғыс айтамыз. Ота жасатуға 8 мың доллар кетті. Оны бізге «Милосердие» қоры жинап берген болатын. Ыстамбұлға барып-қайту ақысын «Жұлдыз» қоры тауып берді. Қызымның құлағын өзінің қабырға шеміршегінен және құлақ артынан алған теріден қалпына келтіріп берді. Қазір жазылып келеді. 1 қыркүйекте мектепке барады», – дейді қыздың әкесі Василий Суржиков.

Суржиковтардың үйінде де үлкен ит бар. Бірақ Настя одан қорықпайтынын айтады. Дегенмен, төртаяқтыларды көрсе зәресі ұшатынын жасырған жоқ.

«Түркия ұнады. Онда түрлі теңіз жәндіктерін көзіммен көрдім»,– дейді Настя.

Айта кетерлігі, қызды қапқан иттің иесі жала жаптыңдар деп Суржиковтар отбасымен соттасып жатқан жайы бар. Қазір қыздың отбасы құлағын мейлінше қалпына келтіру үшін екінші отаға дайындалып отыр

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар