Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайыр тілеп отырған венгриялық жігіт шымкеттік қызға үйленіп, елден кеткісі келеді

Көшеде қайыр тілеп, жолына ақша жинап жүрген венгриялық турист шымкенттіктерден көмек сұрауда. Ти Полгар есімді шетелдік жігіттің не үшін қаланы аралап, қайырымдылық сұрап жүргені белгілі болды.

Қайыр тілеп отырған венгриялық жігіт шымкеттік қызға үйленіп, елден кетпекші

Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сөйтсе, ол аштықтан, не болмаса кедейліктен емес, бүкіл әлем бойынша саяхатын жалғастыру үшін ақша жинап, қайырымдылық сұрап жүр екен. Турист әр елде бірнеше ай тұрады. Жас жігіттің Шымкентте жүргеніне жарты жыл болған, оған қоса Ти бұл жақтан кетуге қатты құлшынып жүрген жоқ.

“Мұнда менің сүйіктім бар. Мен өмірімде екінші рет қатты ғашық болып отырмын. Ол қыз осы қаланың тумасы. Бірақ, оны менімен жіберуі екіталай. Дәл осы жағдайды ойлап көңілім құлазиды. Бірақ, мұнда бұдан артық қала алмаймын, маған ары қарай жылжу керек. Сіздер ойлағандай, қайыршы емеспін, бұл мен үшін жай ғана тәжірибе. Адамдардың көпшіліктен көмек сұрап отырған шетелдікке қалай қарайтынын көргім келеді. Бүгін мен жарты сағаттың ішінде 6000 теңге жинадым. Осыған орай, Шымкентте ең мейірімді адамдар тұрады деген қорытындыға келдім”,- деді шетелдік турист Ти Полгар.

Қайыр тілеп отырған венгриялық жігіт шымкеттік қызға үйленіп, елден кетпекші

Шетелдіктің айтуынша, ол шымкеттік сүйіктісін өзімен бірге алып кетуге тырысады. Ол сүйіктісін алмай, Шымкенттен кетпеймін дейді. Венгрялық жігіт жүрегін жаулаған арудың кім екенін айтудан қорқып, жұмбақ қыз туралы құпияны ашудан бас тартты. Әйтпесе, шымкенттіктер оның ғашығын тартып алып, оған үйленуге деген ниетін бұзуы мүмкін деп үрейленеді.

Қайыр тілеп отырған венгриялық жігіт шымкеттік қызға үйленіп, елден кетпекші

Талқылау