Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайын інісімен төсектес болған енесін ұстап алған келін оны бопсалап жүр

Қазақстандық келіншек енесімен арадағы түсініспеушіліктерді қалай шешкенін айтып берді. Бүгінде ол енесін бопсалап жүр екен.

2415052 20.04.2014 Мама невесты помогает дочери подготовиться к предстаящей в городе Грозном свадебной церемонии. Саид Царнаев/РИА Новости

Бұл туралы «Ана бақыты» парақшасында жазылды.

Аяулым Жапарқұлқызы (есімі өзгертілді) өзіне күн көрсетпеген енесін қалай тынышталдырғанын айтып берді. Ол енесін қайын інісімен төсектес болып жатқан жерінен ұстап алған екен. Осыдан кейін енесі оған «тиіспеймін» деп уәде берген.

«Бұл нәрсе өзегімді өртеп, жүйкем тозып кетті. Миым ашып, басым қатты. Осы оқиға есіме түссе, жүрегім соғып кетеді. Басынан бастайын. Келін болып түскеніме 5 жыл болды. Аллаға шүкір, жолдасым жақсы. Екеуіміз өзара ұрысып, төбелесіп көрген емеспіз. Мәселе, енемде. Мен келін болып түскенде, бұл отбасына үйренісу өте қиын болды. Екі жылдай өз орнымды таппағандай болдым. Енем бос әңгіме мен өсекке жақын. Атам екеуі ауылдағы тума-туыс, құда-құдағиларын жамандап отырады. Өздері ғана жақсы.

Келін болып түскелі енемнің жүріс-тұрысы, киім кигені біртүрлі болып көрінді. Атам жоқта түнімен телефонмен күліп сөйлеседі. Өтірік сылтауратып, үйге қонбайды. Телефоны бұзылып, маған жөндетпек болды. Бір азаматпен жазысқан хаттарын оқып қалдым. Моншада суретке түсіп, оны әлгі жігітке жіберген екен. Содан мен қатты күдіктене бастадым. Мұны енем сезіп, маған күн көрсетпейтін болды. Әрине, ол кісінің жеке өмірінде шаруам жоқ. Келін болып түскелі маған күн көрсетпей келеді. Жолдасыма айдап салып, екеуімізді жанжалдастырады. Кейін ол бөлмеге келіп кешірім сұрайды.

Атама да, қайын сіңіліме де айдап салып отырады. Олар да мені келін болып түскелі ұнатпады. Енем оларға мен туралы «Бұзылған әйел. Ішіндегі баласын алдыртып тастапты» деп айтып отырады. Бір ұрыста жолдасым мені ақтап шықты. Артынша екеуінің әңгімесін естіп қалдым. Жолдасым «Келіншегіме тиісуді қоймасаң, сен туралы әкеме айтып беремін» деп жатыр. Осылай алысып жүріп 3 жыл өтті. Енем содан тынышталды. «Тек маған тиіспесе екен.

Жолдасыммен ажырастырып жібермесе екен» деп мен де мәз болып жүрмін. Бір күні атам мен жолдасым жұмыста болды. Енем түнге дейін жоғалып кетті. Ол кісіні іздеп, аулаға шықтым. Гараждан біртүрлі дауыстар шыға бастады. Ішінде енем мен атамның туыс інісі төсектес болып жатыр екен. Қол аяғым дірілдеп қорқып кеттім. Білдірмей дауыстарын диктофонға жазып алдым. Енем үйге келіп, менен ешкімге айтпауымды өтініп жылады. «Мен саған енді тиіспеймін» деді. Мен келістім», – Аяулым Жапарқұлқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

8 жасар қыздың көзімен: Туған және өгей ананың айырмашылығы қандай?

Келіншек енесінен тұңғышын қалай қайтарарын білмей жүр

Пәктігінен күштеп айырылған қыз жігіт атаулысынан қорқып қалған

32 жастағы қыз жұрттан өзі үшін дұға етуді сұрады

Талқылау