Қайтыс болған тұтынушы үшін Johnson&Johnson компаниясы 72 млн доллар төлеуге міндеттелді

Бейсенбі, 25 Ақпан , 2016 15:45

Американың Миссури штатында өткен сот отырысында қатерлі ісіктен қайтыс болған әйелдің отбасына конпенсация есебінде Johnson & Johnson компаниясына 72 миллион доллар төлеуге шешім шығарды.

92-johnson-johnson

Сурет www.sostav.ru сайтынан алынды

Тұтынушының дерті балаларға арналған Baby Powder ұнтағын қолданғаннан болған.

Отбасы қорғаушысының айтуынша, компания қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін біле тұра, қолданушыларына бұл жайлы тиісінше ескерту жасамаған.

Ал, Johnson & Johnson компаниясы кінәсін мойындап отырған жоқ. Сондықтан аппеляцияға жүгінуі мүмкін.

«Біз тұтынушыларымыздың денсаулығы үшін жауап бере алмаймыз. Сондықтан сот шешіміне таң қалып отырмыз. Біз қазалы отбасына көңіл айтамыз, бірақ оған ұнтақтың еш зияны болмағаныа сенімдіміз. Өнімдеріміз 10 жылдан бері ғылыми дәлелдендірілген сертификаттармен шығарылып келеді», – дейді  компания өкілі.

Балалар ұнтағыны қатысты 3 аптаға созылған сот отырысының үкімі АҚШ-та алғаш рет жәбірленуші жақтың тарапына шешілді.

Елдегі сотқа осыған ұқсас мыңнан астам шағымдар келіп түседі екен. Сот қорғаушысының айтуынша, олардың әрқайсысына аналогиялық шешімдер шығарылуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар