“Қайтыс болған” Теміртау тұрғыны 17 жылын құлдықта өткізген

Сәрсенбі, 20 Шілде , 2016 9:59

Теміртау тұрғыны Василий Чирков 17 жылдан соң қайтадан туыстарына оралды. Осы уақыт ішінде жақындары оны өлдіге санапты. Тіпті біршама жыл бұрын оның қайтыс болғаны туралы анықтаманы да алған. Ал тірі екенін білген кезде сенер-сенбестерін білмеген.

a978078dc7b49e90b3881338a32ceb47

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

17 жыл өткен соң туыстары Василий Чирковты Қарағанды обысындағы ауылдардың бірінде құлдықта ұстағанын білген. Ер адам мал бағып, бүкіл өркениет атаулыдан тыс қалған. Ер адам жұмыссыз қалған соң жұмыс ұсынғандармен келісуге мәжбүр болған екен. Бұл 1998 жылы болған.

“Волга” көлігі келді. Одан екі адам шығып, мені ауылға шаруашылыққа жұмыс істеуге шақырды. Мен келістім, бірақ үйге барып құжаттарымды алайын деп едім, олар бұл міндетті емес деді. Айлық төлеуге уәде етіп алып кетті”, – дейді Чирков.

Оны ауылға алып келген кезде ғана алданғанын сезеді. Қожайындары оған өзін түзу ұстап, айтқан тапсырмаларды орындауға бұйрық етеді.

“Малдың соңында жүрдім. 17 жыл ішінде маған тек резеңке етік алып берді. Мені ұрған жоқ, бірақ жарылқамады да. Үйге қашуға қорықтым. Полиция ұстап алса не істеймін деген қорқыныш болды”, – дейді Чирков.

Ал оның туыстары Василидің қайтыс болған туралы куәлікті 2007 жылы қолдарына алады. Ал жуырда ғана оның ұлының бұрынғы әйелі Галина Линкевич қайын атасының тірі екені туралы естиді. Белгісіз біреулер оның тұтқында екенін хабарлап, суреттерін де жіберіпті.

a235a6856ab7dd7242751ec2eced3794

“12 маусым күні маған қоңырау шалып, оның ауылда тұратынын айтты. Оның суретін көріп бұл кісі менің бұрынғы күйеуімнің әкесі екенін таныдым. Ұлы қайтыс болған. Ал әкесінің тірі екенін естігенде таңқалдым. Қалай көмек көрсетіп алып шығуға болады деп ойлана бастадым”, – дейді Галина.

Әйел полицияға, сосын “Қайсар” қоғамдық қорына хабарласқан. Кейін Чирковты полициямен бірге барып ауылдан алып шығады. Ондағы тұрған сарайы адам тұратын баспана деуге келмейді екен. Тұтынған заттары да өте нашар болған. Галинаның сөзінше қазір Василий жаңаша өмір сүруге бейімделіп келеді екен. Ақсақал плазмалық теледидар, ұялы телефондарды көріп те таңырқаған.

“Ер адам базада қайтыс болған деп тіркелген. Ал шын мәнінде тірі. Сонда Осакаровка аудандық полициясы, мемлекеттік мекемелері қайда қараған. Қазір біз оның құжаттарының қалпына келуіне жәрдемдесіп, материалдық, медициналық көмек көрсетудеміз. Сосын зейнет құжаттарын рәсімдеу керек және қайтыс болғаны туралы ақпаратты да тез арада жоққа шығару қажет”, – дейді “Қайсар” қоғамдық қорының басшысы Оксана Тарабукина.

Тарабукинаның айтуынша ұрлап әкеткендерге ешқандай қылмыстық айыптау тағылмайды екен. Олардың ұрлау әрекеттері нақтыланбаған және ер адамның денесінде еш зорлық белгісі табылмаған. Ол сап-сау. Тек әкімшілік құқық бұзушылық деңгейінде ғана жауапқа тартылуы мүмкін екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар