Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған Санжарбек Арзиевтің туыстары тергеу нәтижелеріне сенбейді

Алматылық дәрігер-студенттің денесін ұзақ уақыт іздеуден кейін Есентай өзені бойынан тапқан болатын. Полиция жас жігіттің суға батып кеткенін хабарлаған. Алайда ата-аналары оны күштеп өлтірді деп есептейді.

Bezymyannyy-25

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Зыйнатқан Қадырова қайтыс болған ұлының телефонына күнде қоңырау шалады. Әрине, телефонды ұлының көтермейтінін сезеді. Бірақ, біреу көтеріп қалса сұрақтарына жауап береді деп үміттенеді. Алайда телефон ақыры табылмады.

Санжарбек Арзиев Алматыда 30 сәуір күні 23-ке толған туған күні қарсаңында жоғалып кеткен еді. Медициналық университеттің студентін достары мен еріктілер белсенді түрде іздеген еді.

“Мен оны кешкі уақытта телефон шалып құттықтадым. Ол өте қуанышты болды. “Мама, қазір мен достарыммен отырмын. Кейінірек хабарласамын” деді”, – дейді анасы Зыйнатқан Қадырова.

Таңертең Санжарбектің достары оның Есентай өзені жағасында жоғалып кеткенін хабарлады. Кейінірек бейнебақылау камерасының видеосы табылып, ондағы адамның жағалауда бара жатып суға батып кеткені көрінеді. Бұл түнгі уақыт 2 сағат 45 минут. Дәл сол кезде Санжарбек көліктен шығып телефонмен сөйлесіп кеткен, кейін оны ешкім таппай қалады. Іздеу бірнеше күнге созылды. 2 мамыр күні Санжарбек Арзиевтің денесі табылды. Қылмыстық іс жабылып, Санжарбектің өлімі кездейсоқ қайғылы жағдай ретінде сипатталды. Алайда оның ата-анасы, ұлдарын біреу өлтірді деп есептейді.

“Біреу әдейі ұрып өлтірген шығар. Өйткені, ұрған орны байқалады. Көп нәрсені жасыратын сияқты”, – дейді әкесі Кубаныч Арзиев.

Арзиевтар полицейлер бұл іске көңіл бөлмеді дейді. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптамасы денеде бірнеше жарақаттың бар екенін көрсеткен.

“Азамат Арзиевтің өлімі нәтижесі бойынша, ол суға тұншығып өлген. Мұны патологоанатомдар да растады. Ал жарақаттар мен қанталап кеткен жағдайлар бойынша…ол құлаған кезде алуы мүмкін”, – дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Жігіттің денесі болжанған аумақтар төрт шақырым қашықтықтан табылды. Қазір Арзиевтар прокуратура мен Алматы полициясына жазып, өлім нұсқасының қайта тексерілуін талап етуде. Оларға ресми жауап тамыз айының басында айтылуы тиіс.

Талқылау