Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған каскадер туралы не білеміз?

34 жасында дүниеден озған Қайрат Жамғожин отандық және шетелдік фильмдерге түсіп, кино әлемінен өз орнын ойып тапқан дарынды азаматтардың бірі. Stan.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға каскадердың өмірі жайлы мәліметтерді ұсынады

 Танымал қазақстандық каскадер 34 жасында дүниеден озды

Қасым Жұмағожин екінші дәуірдегі үздік танымал цирк әртісі саналған. Nomad Stunts командасаның менеджері, Евгения Лидің айтуы бойынша, ол циркпен өмір сүрген.

Ижевскте өткен, цирк өнеріне арналған халықаралық фестивальға қатысып, “Алтын аю” сыйлығын иеленген. Марқұм таеквондо, трамплинг, рэтчет, ат акробатикасы, семсерлесу, 10 метрден жоғары биіктіктен құлау, садақ ату сынды спорттың бірнеше түрін меңгерген.

2005 жылы “Көшпенділер” атты тарихи фильмге түсіп, кино әлемінен өзінің орнын ойып тұрып тапқан. Ақан Сатаев, Тимур Бекмамбетов, Ермек Тұрсынов сынды танымал отандық және шетелдік режиссерлер онымен қуана-қуана жұмыс істеген. Қасым Жұмағожинға Сильвестр Сталлоне, Джейсон Стэйтем, Дольф Лундгрен, Жан-Клод Ван Дамм, Чак Норрис және Арнольд Шварценеггермен “Неудержимые – 2” фильміне түсу бақыты бұйырған.

34 жасында дүниеден озған азамат Nomad Snuts командасына, ол ашылған күннен бастап мүше.

Қазақстандық каскадер мынадай фильмдерде ойнаған:

“Волкодав из рода Серых псов” (2006), режиссер Николай Лебедев (Ресей);
“Махамбеттің қылышы” (2006), режиссер Сламбек Тәуекел (Қазақстан);
“Код апокалипсиса” (2007), режиссер Вадим Шмелев (Ресей);
“Рэкетир” (2007), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан);
“Мұстафа Шоқай” (2008), режиссер Сатыбалды Нарымбетов (Қазақстан);
“Қош бол, Гүлсары!” (2008), режиссер Ардақ Әмірқұлов (Қазақстан);
“Секер” (2009), режиссер Сәбит Құрманбеков (Қазақстан);
“Байқоңыр” (2011), режиссер Файт Хелмер (Ресей, Германия, Қазақстан);

“Конан – Варвар” (2011), режиссер Маркус Ниспел (АҚШ);
“Семь майских дней” (2011), режиссер Ермек Тұрсынов (Қазақстан, Ресей);
“Вендетта по-русски” (2011), сериал, режиссер Олег Туранский (Ресей);
“Жаужүрек мың бала” (2012), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан);
“Неудержимые-2” (2012), режиссер Саймон Уэст (АҚШ);
“Джокер” (2013), режиссер Талғат Жәнібеков (Қазақстан);
“47 ронинов” (2013), режиссер Карл Ринш (АҚШ);


“Ограбление по-казахски” (2014), режиссер Қайыржан Орынбеков (Қазақстан);
“Марко Поло” (2014), сериал, 1-маусым, режиссерлары Дэвид Петрарка, Джон Мэйбери, Даниэль Минахан (АҚШ);
“Весь мир у наших ног” (2015),режиссер Саламат Мұхаммед-Әли (Қазақстан, АҚШ);
“Анаға апарар жол” (2016),режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан);
“Викинг” (2016), режиссер Андрей Кравчук (Ресей);
“Коловрат” (2017), режиссер Иван Шурховецкий (Ресей);
“Тобыл” (2018), режиссер Игорь Зайцев (Ресей);
“Балуан Шолақ” (2018), режиссер Нұрелді Сәдіғұлов (Қазақстан).

Талқылау