Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған иесінің даусын естіген мысықтың әрекеті жұртты жылатты (видео)

Желіде қайтыс болған иесін сағынып жүрген мысықтың видеосы тарап, жұрттың жүрегін елжіретті. Кадр сыртындағы адам мысыққа бұрынғы иесінің видеосын көрсеткен.

Қайтыс болған иесінің даусын естіген мысықтың әрекеті жұртты жылатты (видео)

Видео кадрларында мысықтың телефоннан қайтыс болған иесін көріп, мұңайып қалғаны байқалады. Ол біраз уақыттан кейін  иесінің экрандағы бейнесіне басын қояды.

Аталған видео желіде бірден тарап кетті. Ол Facebook желісінде бір аптадан аз уақытта 36 миллионнан аса қаралым жинаған.

Өз кезегінде желі қолданушылары видеоның өте әсерлі әрі мұңды екенін айтып, мысыққа жаны ашығандарын жеткізді. Сонымен қатар олар мысықтың адалдығына тәнті болды. Тіпті, кейбірі мысықтың әрекетін көргеннен кейін көзіне жас алғанын айтып жатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау